Қоршаған орта тазалығы – басты назарда

Балнұр АХМЕТ

 

Әуезов ауданы әкімі аппара­тының мәжіліс залында Дүние­жүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған жиын болды. Басқосуға аудандағы экология бөлімі мен көріктендіру саласының мамандары мен ПИК өкілдері қатысты.

Жиында Әуезов ауданы әкі­мінің орынбасары Дастан Қайрат­ұлы жасыл желек жамылған жер шарындағы табиғат әлемін қорғауға бағытталған бұл күннің адам өміріндегі маңыздылығын атап өтті. Басқосу барысында ол ауданның экология бөлімінің мамандарын Дүниежүзілік қор­шаған ортаны қорғау күнімен құттықтап, қала­мыздың таза­лығына аянбай атсалысып жүрген азаматтарға аудан әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Жиын Әуезов ауданы­ның экология бөлімінің басшысы Ғалия Төле­генованың тазалық сақтау, көріктендіру мен абаттан­дыру бойынша ауданда атқарылған ауқымды жұмыстармен таныс­тырған баяндамасымен жалғасын тапты.

«Тазалық – денсаулық  кепі­лі» деген халық даналығы айна­ладағы табиғат әлемінің, қоршаған ортаның тазалығы адамның ден­саулығына тікелей әсер ететіндігіне байланысты айтылғаны анық. Сондықтан жер бетіндегі әрбір адам қоршаған ортаға қамқор­лықпен қарауы қажет. Бүгінгі таңда Әуезов ауданында тазалық сақтау, көріктендіру мақсатында бірқатар іргелі істер атқалылып жатыр. Өткен жылы ауданда тазалық орнату мақсатында 36 сенбілік ұйымдастырылды. Биылғы жылдың басынан 16 сенбілік өткізіліп, 1010 текше метр қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Көріктендіру мақсатында жыл сайын ауданы­мызда қураған ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызу игі дәстүрге айналған. Мысалы, өткен жылы «Мамыр-1» ықшамауданын­дағы жаңа үйлердің жанына 300-ден астам ағаш, Ұлықбек көшесінің бойына 100-ден астам қарағаш, Абай даңғылы­ның бойына 80 қайың отырғызылды. Жалпы, 2017 жылы ауданда мың­нан астам ағаш егілді. Ал биылғы көктем мезгілінде ау­дан­дағы ағаштар қатары 436 жасыл желекпен толықты. Жас ұрпақты қоршаған ортаға қам­қор­лық­пен әрі сүйіс­пеншілікпен, жауап­кер­шілікпен әрі жанашыр­лықпен қарауға тәр­биелеу мақ­са­тында Жас нату­ралистер стан­сасымен тығыз қарым-қатынас жасай­мыз, – деді Ғалия Төле­генова.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *