Қордағы жарна сенімді қолда

оның болашағына алаңдаудың қажеті жоқ, – дейді  Алматы өңірлік  коммуникациялар қызметі алаңында журналистермен баспасөз брифингін өткізген  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының   басшылары

 

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

 

Осыдан жиырма жыл бұрын құрылып,    ертең зейнет жасына жеткенде  емін-еркін өмір сүруді қамтамасыз етеді деп үміттен­дірген Бірыңғай  жинақтаушы зейнетақы қоры  төңірегінде бүгінде алыпқашпа әңгіменің өріп жүргені жасырын емес. Тіпті, сол қордағы  азын-аулақ қаражат­тарын  алып, жұмсаймыз дегенге  жұрттың көбінің сенімі де  аз.  Өйтке­ні, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйел­дердің зейнет жасы жарты жылға  ұзартылса,  азамат­тарымыздың БЖЗҚ  жинаған жарнаны беру тәсілдері де өзгертілді. Демек,   жаңа жылдан бастап  салымшылар қордағы жарнасын бұрынғыдай бірнеше  рет бөліп  емес, ол енді  ай сайын бөліп төленетін болды.  «Бұл  шетелдік тәжірибеде бар тәсіл, сондық­тан біз халықтың қарттығын қамтамасыз ету мақсатында осындай қадамға барып отырмыз», – деген еді,  халықтың әлеуметтік жағдайына жауапты министрліктің  өкілдері халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізген  кезекті бір кезде­сулерінде. Бір қарағанда, дұрыс шешім де шығар,  дейтұрғанмен, бұл халықтың өз еркімен    тірнектеп жинаған азын-аулақ болса да қоры еді ғой, оны бір күнде немесе бір жыл ішінде қолданып, бір керегіне жұмсаса да өз  еркіндегі шаруа еді ғой дейсің ғой.  Алматы  қаласы өңірлік комму­никациялар қызметі орталығында болған журналистермен болған  брифингке қатысқан БЖЗҚ АҚ Өңірлік желіні дамыту және ілеспе қызмет көрсету департа­ментінің басшысы  Мәмила Мұсабе­кова және  қордың Алматы бөлімшесінің  басшы­сы Нұрлан Әміренов жұрттың көкейін­дегі көп сауалға жауап беріп, қазіргі таңда қорда атқарылып жатқан жұмыстары, әсіресе,  цифрлы Қазақстан бағытында   жүргізіліп отырған   жұмыста­ры жөнінде айтып берді.   Қордың Өңірлік желілерді дамыту  және ілеспе қызмет қызмет көрсету департаментінің  басшы­сы Мәмила Құрманжанқызының айтуынша, үстіміздегі жылдың   1 қаңтардағы жағдайы бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 триллион теңгені құрап,  қордағы жинақталған жарна мөлшері  өткен жылдың  осы мерзімімен салыс­тырғанда   1,1 триллионға артқан. Соның нәтижесінде бір жыл ішіндегі  қордағы жарна өсімі 16 пайызды құрап, жалпы ішкі өнімнің 15 ,1 пайызын құрапты.

Департамент директоры Мәмила Құрман­жанқызының ақпаратынша, өткен  жылы салымшыларға 169,69 миллиард теңге төленсе, оның 22,69  миллиарды сақтан­дыру ұйымда­рына аударылған. Халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында 2017 жылы халықтың қаржылық-құқықтық сауатты­лығын көтеру және сапалы зейнетақы қызметтерін көрсету бойынша көптеген жұмыстар  атқарылған.

Қордың барлық филиалдарында тоқсан сайын «Ашық есік күндері» өткізіліп, салым­шылардың зейнетақымен қамсыз­дан­дыру бойынша берілген өзекті сауал­дарына толық жауап берілген. Астана, Алматы қалаларының және 14 облыстың әкімдіктерімен Ынтымақ­тастық және қарым-қатынас туралы меморан­думдарға қол қойылды, – дейді  М.Мұсабекова. Департамент басшысы, сондай-ақ, салым­шы­лардың саны мен  қорға салынған жарна мөлше­рі бойынша Алматы қаласы­ның алдыңғы орында тұрғанын   атап өтті.

Қор қызметін ашық ету мақсатында  Қоғам­­дық кеңес құрылғанын да баспасөз мәслихатына қатысушылар тілге тиек етті. «Мобильдік кеңсе», қор сайтында элек­трондық қызмет көрсету  іске қосылғалы бері 2298 салымшы онлайн тәртібінде жеке зейнетақы шотын ашса, 987 алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беріпті. Қазір жауапты бөлімшелер Қоғамдық кеңес мүше­лерімен бірлесіп, өз-өзін жұмыспен қамтыған халықты жинақ­таушы жүйеге тарту бойынша ұсыныс дайындап жатыр, – дейді  Мәмила Мұсабе­кова.

Журналистер тарапынан қойылған сауал­дарға мүмкіндігінше жауап беруге тырысқан бүгінде 18 филиалы, 218  қызмет көрсету орталық­тары бар БЖЗҚ  өкілдері қордағы жинақталған жарнаның тағдыры­на  халықтың алаңдамауына, оның сенімді  қолда, қордың сенімді серіктесі Ұлттық Банктің иелігінде  екендігін  айтты.   Олай болса, көңіліміздегі көп күдікті сейілтіп, ертеңгі қарттығымыздың қамсыз өтетінді­гіне біз де сенім артайық.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *