Ораза толы сауапты іс

 

Қасиетті рамазан айы – сауап айы. Оның нығметі мен жақсылығын Алла біледі. Жүрекке мейірім мен жылылық ұялатқан Жаратушы иенің жақсылығы адамзат өмірінде бір-біріне деген ілтипаты мен ізгі амалында екені айқын. Осынау сауапқа толы айда «Думан» ықшамау­данындағы №172 мектеп-гимназиясының 11-сынып түлектері жағдайы төмен отбасына қомақты қаржылай көмек көрсетіп, игі іс жасады. Көмек алған отбасы мектеп бітіруші оқушыларға алғыс айтып, ҰБТ-дан жақсы жетістікке жетулеріне тілектес екенін жеткізді.

Осы айда өткен тағы бір сауапқа «Біз біргеміз!» атты қайырымдылық іс-шараға 6 «а» сынып оқушылары белсене қатысты. 6 «а» сынып жетекшісі Гүлдана Сақы­белова мен әлеуметтік педагогтің бастауы­мен өткен бұл іс-шара аз да болса, қанатымен су сепкен қарлығаштай  көпке өнеге сыйлады. Әр баланың жүрегіне мейірім, ізгілік нұрын ұялатты.

Балалар мектебіміздің үйден оқитын оқушысына барып, мерекесімен құттық­тап, домбырамен күй ойнап, бар өнерлерін көрсетіп, көңілін көтеріп қайтты. Сондай-ақ, ақшалай көмек те көрсетілді. Мұндағы бала жүрегінің діттеген мақсаты да сол, қайырымдылық шара арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан шектеліп қалмауына аз да болса үлес қосу еді.

Теңізге қосқан титтей де болса тамшы секілді ізгілік жүректерге қуаныш сыйла­ры хақ. Жүректі жібіткен бұл шаралар көпке өнеге, ертеңгі ұрпаққа үлгі екені рас. Біздің бейбіт қоғамда әр бала бақыттың дәмін татуға лайықты. Солай болады да!

 

А.НҰРҒОЖАЕВА,

№172 мектеп-гимназиясының әлеуметтік педагогі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *