Ораза ақыретте тозақ отынан қорған болады

1-тамызда қасиеттi Рамазан басталады. Рамазан айында ораза тұту әрбiр мұсылманның парызы. Егер денсаулығы жарамаса немесе жолсапарда жүрсе, ауруынан айыққаннан кейiн және сапардан оралған соң қаза болған оразаларын ұстайды. Бiрақ айт күндерi ауызды бекiтуге болмайды. Рамазан айында ғибадат жасаудың сауабы мол. Ол үшiн адам өз нәпсiсiне тыйым салуы қажет. Тек тiлмен шүкiрлiк ету аздық етедi. Әрбiр мұсылман дене мүшелерiмен де ораза тұтады. Көздiң шүкiршiлiгi – бiр жақсы нәрсе көргенде ғибрат алу, жамандық көрген кезде көздi жабу. Құлақтың шүкiршiлiгi – бiр жақсы нәрсе естiгенде ғибрат алу, жаман нәрсе естiгенде оны жабу. Қолдың шүкiршiлiгi – оны харам нәрсеге созбау. Асқазанның шүкiршiлiгi – адал нәрсе жеу. Аяқтың шүкiршiлiгi – харам жердi баспау және арам iске бармау. Ислам ғалымдарының және хадистердiң айтуына қарағанда, кiм осылай әрекет етсе, нағыз шүкiршiлiк те, ғибадат та осы болмақ. Мұсылман адамның амал-әрекеттерiнiң iшiнде ең құнды үш түрi бар. Бiрiншi, малмүлкi аз болғанда да жомарт болу. Екiншi, харамдардан сақтана бiлу. Үшiншi, өзi одан қорықса да, үмiт күткен адамның алдында ақиқатты айта бiлу. Рамазанның тағы бiр аты – сабыр. Бiр хадисте «Ораза – сабырдың жартысы» деген де сөз бар. Мұның өзi мұсылман баласы үшiн сабырдың, яғни сабырлылықтың жөнi бөлек екендiгiн бiлдiрсе керек. Iшкi дүниемiздi осы қасиеттi сезiмге лайықтағанымыз абзал. Қарнымыз ашса да, тамағымыз құрғаса да, ас iшпей, бiр жұтым су татпай асқазанымызды сабырға үйретемiз. Осы сабырлылық тұрмысы төмен адамдардың жағдайын түсiнуге себепшi болады. /йткенi адам қаншалықты кедей болса да, өзiнен де кедей, мұқтаж және мүсәпiр адамды таба алады. Дүниенiң әр түрлi аймақтарында аштықтан өлудiң аз-ақ алдындағы адамдар жайлы естiп жатамыз. Ораза тұту солардың жағдайын түсiнуге, сондай апаттың алдын алуға тырысуға және шүкiршiлiк етуге шақырады. Адамды кейбiр қателiктерге бастайтын, күнәларды жасауға жетелейтiн және қиындықтарға ұшырататын жәйт – олардың сабырлылық танытпауында. Жас кезiнен сабырлы болуға үйренсе, кез-келген iсте салқынқандылық танытып, әрбiр тiрлiктi ойланып атқаратын болса, ондай адамның ешқандай қиындыққа ұшырамайтыны анық. Демек, адамның қиындығын арттыратын, түрлi шарасыз iстерге бастайтын сабырсыздық пен шыдамсыздықтың емi бар ма? Әрине, бар. Ол Алла-тағала бiзге парыз еткен – ораза ұстау. Бүкiл нәпсiнi тию арқылы адам баласы сабырлылықты үйренсе, сабыр сақтау арқылы бүкiл қиындықтардан арылады. Мiне, осылайша бiр ай бойы сабырға келiп, сол арқылы өмiрiн саялы құлшылық бағына айналдырып, таза жүрекке ие болады. Ораза мен Құран қиямет күнi Алла құлының күнәларының кешiрiлуi үшiн iзгiлiктi iс атқарады. Ораза айтады: – «Ей, Алла, мен оны күндiз iшiп-жеуден, ләзаттан тыйдым. Сондықтан оған деген шапағатымды қабыл ет» десе, Құран: «Иә, Алла, мен оның түндегi ұйқысын алдым. Сол үшiн оған деген шапағатымды қабыл ет» – дейдi. «Олардың екеуiнiң де шапағаты қабыл болады. Ораза тұтушының күнәлары кешiрiледi» дейдi Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.). Мұсылман баласы нәпсiнi тыйған сайын сауапқа кенеле бередi. Ораза игi iстердiң, сауапты тiрлiктердiң бастауы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *