Оравец өз өнерін филармония мерейтойына арнайды

Роза ӘРЕН

2-3-наурыз күндері қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясында белгілі венгр сазгері, пианист Дердь Оравецтің концерті өтеді. Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулдығының қолдауымен өтетін шара филармонияның 75 жылдық мерейтойы мен сазгер Ференц Листтің 200 жылдығына арналады.

Д.Оравец Венгрия мемлекетінің Еуропалық Одаққа төрағалық етуі аясында ұйымдастырылған концертінде Ш.Гуно, Ф.Лист, Д.Шостаковичтердің вальстері мен симфонияларын және венгр халқының рапсодияларын орындамақ.

Репертуарында Бах, Брамс, Шуман, Прокофьевтың музыкасымен қатар, Лист, Барток және Гершвиннің шығармалары қамтылған Дердь Оравец — Венадағы атақты Мюзикферайгода залында концерт берген бірден-бір әлемге танымал пианист. «Будапешт көктемі» фестивалінде Ф.Лист этюдтерін бір концертте-ақ орындап,  жұртшылықты таңқалдырған музыкант бұл!

Жарты әлемді аралап шыққан музыканттың Алматыға ат басын бұруы – шаһардың мәдени өміріндегі елеулі оқиға. Венгр халқының өнеріне қанық боламын десеңіз,  наурыздың алғашқы күндері филармониядан табылыңыз, оқырман!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close