«OPEN ALMATY» ЖОБАСЫ ЖҮЛДЕГЕР БОЛДЫ

DC CІO Excellence Awards—2019 байқауының «Клиенттік тәжірибенің үздік трансформациясы» аталымында клиенттермен кедергісіз өзара іс-қимыл жасау және адалдықты арттыру мақсатында цифрлық технологияларды қолдану бойынша және бизнес-үдерістер реинжинирингі үшін марапатқа ие болды

Open Almaty жобасы іске қосылғаннан бері 140,7 мыңнан астам өті­ніш келіп түскен. Өті­ніштердің 60 пайыз­дан астамы телефон арқылы түседі. Сон­дықтан бұл жұмыс күшей­тіледі. Биыл Open Almaty база­сында Бірыңғай қалалық бай­ланыс орталығы іске қосылады. Қала­ның тыныс-тіршілігін қам­та­масыз ететін барлық комму­налдық, апаттық және сервис­тік қызметтер 109 нөміріне біріктіріледі.

Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында ІDC СІО Summіt аясында өтті. Мүсінше түріндегі марапатты «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқармасының төрайымы Жанна Төлегеноваға ІDС, EMEA аймағының аға вице-президенті Стивен Францен табыс етті.

ІDC CІO Excellence Awards—2019 байқауы ІТ-кәсіпқойлардың тұжырым­дамаларды әзірлеуге және өз ұйымдарында цифрлық трансформация саласындағы бастамаларды табысты іске асыруға қосқан үлесін мойындау мақсатында ұйымдас­тырылған. Биыл байқауға Орталық Азия, Әзербайжан және Моңғолиядан келген ІТ саласының белгілі де білікті көшбасшы­лары қатысты.

Жеңімпаздарды анықтау кезінде мынандай критерийлер ескерілді: клиент­терге қызмет көрсетуде цифрлық технологияларды пайдалану және бизнес-үдерістерді жақсарту; көпжоспарлы өзара іс-қимылды дамыту және фронт-офистен бэк-офиске дейінгі интеграцияланған процесс.

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауы 2017 жылы «Smart Cіty» тұжырымдамасын іске асыру аясында құрылған. Жобаның мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың ашық­тығын арттыру және қала тұрғындарына түрлі өмірлік жағдайларды шешуде көмек көрсету болып табылады. Әрбір жүгінген адам кеңес алып, әкімдіктің, қалалық басқармалардың, прокуратураның, поли­цияның, Мемлекеттік кірістер департа­ментінің және т.б. атына өтініш жолдай алады.

Open Almaty-да өтініштер жеке келуші­лерден бөлек, әлеуметтік желілер (Facebook, Іnstagram, Twіtter), http://open-almaty.kz веб-порталы және 1308 байланыс орталығы арқылы қабылданады (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін). Бұдан басқа, порталда қалалық қызметтердің жұмыс жоспарымен танысуға болады (көшелерді, аулаларды жөндеу, саябақтар мен скверлерді абаттандыру). Open Almaty-да қала тұрғындары мен қонақтары, кәсіп­керлер ресми тізілімге енбеген қызметтерді ала алады. Қоғамдық қабылдаудың порта­лында түрлі салалардағы 700-ге жуық өмірлік жағдайдың қадамдық алгоритмдері орналастырылған: баланы бір мектептен екінші мектепке қалай ауыстыруға болады, көпбалалы отбасынан шыққан бала үшін жазғы лагерьге жолдаманы қалай алу керек, жүргізуші куәлігін жоғалтқанда не істеу қажет, жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензияны қалай алу керек, төлқұжатын жоғалтқан кезде шетелдік не істеуі тиіс және т.б. Осының барлығы мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге әрі сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жалпы, Open Almaty жобасы іске қосылғаннан бері 140,7 мыңнан астам өті­ніш келіп түскен. Өтініштердің 60 пайыз­дан астамы телефон арқылы түседі. Сондықтан бұл жұмыс күшейтіледі. Биыл Open Almaty базасында Бірыңғай қалалық байланыс орталығы іске қосылады. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық коммуналдық, апаттық және сервистік қызметтер 109 нөміріне біріктіріледі.

Еске салсақ, бұған дейін «Open Almaty» жобасы Словенияда өткен «Любляна Форум–2017» байқауында үздіктер қата­рынан көрініп, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері арасында «Қалалардың болашағы» аталымы бойынша екінші орынға ие болды. Жыл сайынғы жүлденің мақсаты – Smart Cіty-ді дамыту саласындағы жаңашыл жобаларды анықтау және көтермелеу болып табылады.

* ІDC (Іnternatіonal Data Corporatіon) – ақпаратты және консультациялық қыз­меттерді жетекші жеткізуші, ақпараттық технологиялар, телекоммуникация және тұтыну техникасы нарықтарындағы іс-шараларды ұйымдастырушы. ІDC ІТ-кәсіпқойларына, басшылар мен инвестор­ларға техниканы сатып алу және бизнес-стратегияны таңдау туралы негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. ІDC-дің 110 елдегі мыңнан астам сарапшысы саланың әлемдік, өңірлік және жергілікті деңгейлердегі технологияларын, үрдістері мен мүмкіндіктерін зерттейді. 50 жылдан астам уақыт бойы ІDC білімі компания клиенттеріне аса маңызды міндеттерді шешуге көмектесіп келеді. ІDC – әлемдік ІТ-басылымдар, зерттеулер мен маман­дандырылған іс-шаралар нарығындағы көшбасшы ІDG компаниясының еншілес кәсіпорны.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *