ОНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ 25-ТЕН АСТАМ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕКТЕП ӘДЕБИЕТІНЕ ЕНГЕН

Қазақстанның Халық жазу­шысы, ақын Мұхтар Шахановтың тағы бір кітабы жарық көрді. «Өркениеттің адасуы» деп аталатын жаңа туындыға автор өзінің екі романын кірістірген. Орыс тілінде жарық көрген кітап баспадан 15 мың данамен басы­лып шықты. Алматы әкімдігінің әдебиет саласына ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Кітап тұсауке­серіне қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров арнайы қа­ты­сып, авторды жеке құттық­тады.

Ақынның бұл шы­ғар­­масы әлемнің 200-ге жуық тіліне аударыл­ған. Осы шығармасы үшін шет елден 120 мем­ле­кеттің сый-сыяпаты тапсы­рыл­ды. Соның бірі де бірегейі – Нобель сыйлығының алтын медалі.

–       Бұл шығарма ЮНЕС­КО-ның екі рет қарауында болып, әлем­­дік деңгейде ең биік поэ­зия деп та­нылды. Алматы қала­сының әкімі Бақытжан Сағынтаев азаматтық мінез танытып, мына кітабымды шығарып беріп отыр, – деді ақын Мұхтар Шаханов.

Ақынның шығармашылық кешіне келген әріптестері мен замандастары тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекетте де оған көрсетілетін сыйдың бөлек екенін айтады. Оның шығармалары 25-тен астам шет мемлекеттің мектеп әдебиетіне енген. Германияда Шаханов туралы 400-ден астам мақала шыққан. Жапонияда 6 миллион тиражбен шығатын газетке шығармалары жарияланыпты. Айта кетейік, жыл сайын халықаралық Шаханов оқулары өткізіледі.

–       Шаханов – қалам ұстаған талай қаламгерді тәр­биелеген адам. Бала кезімізден Мұқаңның шығармаларын жастап оқыдық, өлеңдерін жаттап өстік. Мұқаң біздің рухани жан-дүниемізбен тұтасып кеткен ұлы тұлға, – деді ақын Бауыржан Жақып.

Тұсаукесерде ақынның ерте кездері жазылған әндері орындалып, өлеңдері оқылды.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *