ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІНДЕГІ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

Мемлекеттік қызметке кіру өте өзекті болу себебінен, мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру туралы мәселелері бойынша азаматтар тарапынан үлкен қызуғышылық білдіретінін ескеріп, Алматы қаласында бос орындары бар мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен ағымдағы жылдың 19 тамызына онлайн арқылы бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу, мемлекеттік қызметке кіруге ниет білдірген барлық азаматтар үшін тиісті ақпаратты толыққанды ұсынуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдардың қызметтегі негізгі бағыттары, кіру тәртібі, орналасу кезеңіндегі қойылатын талаптары, өткеру кезеңі туралы түсіндірме жұмыстары және кеңес беру мәселелері толық қамтылатын болады, бұл өз ретінде мансаптық өсу және қызмет бойынша жоғарылау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Осы себепті, онлайн арқылы өткізілетін бос орындар жәрмеңкесіне белсенді қатысуға шақырамыз.
Қатысуға ниет білдірген жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілер онлайн жүйесіндегі бос орындар жәрмеңкесіне тіркелуге қатысты барлық мәселелер бойынша Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Айдар Құмарбекұлы Байгалиевке 8 707 469 61 64 номеріне хабарласуға болатынын қосымша хабарлаймыз

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *