Онлайн семинар өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орталық аппаратының тапсырмасы бойынша Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментімен ағымдағы жылдың 23 қазанында Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдеріне онлайн форматта семинар өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті жанындағы ақпараттық-ағарту штабының мүшесі Қ.С. Әбдіхалықов және Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е. М. Кәрімов спикерлер ретінде сөз сөйлеген семинардың тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» а.ж. 6-қазандағы тиісті Заңмен енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар болып табылды.

Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылу аясына жататын адамдар тобы кеңейтілген және мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар мен материалдық сыйақыға толық тыйым салу белгіленген Заңның ережелері, сондай-ақ туыстардың бір ұйымында бірлескен жұмыс мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтерді құруға және т. б. бағытталған жекелеген нормалар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға ұжымда осындай семинар жұмыс жүргізу ұсынылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *