Он жасар алматылық әлемнің ең танымал балалар шоуына қатысады

Он жасар алматылық Софи Манасян Nіckelodeon командасына Lіp Sync Battle Shortіes балалар шоуына қатысу мүмкіндігі үшін өзінің инстаграм әлеуметтік парақшасы арқылы алғыс айтты. Бүкіл әлемге тарайтын шоу АҚШ-та эфирге жұма күні шығады.

– Nіckelodeon командасына кәсіби біліктілігі үшін алғыс білдіремін. Сонымен қатар, әр елдің балаларына ұлты мен тілі, дініне қарамастан осы шоуға қатысып, жұлдыздай жарқырауға мүмкіндік бергені үшін мың рахмет, – деді жас жұлдыз.

Софи Манасян әлемдегі ең танымал балалар мен жасөспірімдер шоуына қатыс­қаны үшін қуанышты екенін жасырмады.

– Жақында Nіckelodeon арнасында! Көңілді болады! Менің анам сонда түсуім үшін қолынан келгенін жасады. Маған ол үшін тіл үйрену қажет еді. Бұл естен шық­пайтын тәжірибе болды. Амери­калықтар үшін менің акцентім сезіліп тұрды. Мен әлі де көп әзіл мен қалжың­дарды түсіне бермеймін. Үйреніп алсам, бұдан да үлкен биіктерге жетемін! Nіckelodeon арнасын көріңіздер, –деді ол.

Мұның алдында С.Манасянның анасы оның Lіp Sync Battle Shortіes балалар шоуына қатысатынын айтқан болатын. Бұл шоу жергілікті уақытпен АҚШ-та жұма күні кешкі 19.00-де көрсетіледі. Қазақ­стандықтар шоуды 12 қаңтарда 09.00-де көре алады. Айта кету керек, 10 жасар ал­ма­тылық қыздың Nіckelodeon арнасындағы шоуларға кастинг­тен өткені туралы тамызда белгілі болған еді. Lіp Sync Battle Shortіes – балалар мен жасөспірімдерге арналған америкалық шоу-бағдарлама. Ол ең алғаш 2016 жылы 11 жел­тоқсанда эфирге шыққан болатын.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *