Он күнде үшiншi мектеп ашылды

Рая ЕСКЕНДIР

Алатау ауданына қарасты «Ақкент» ықшамауданының тұрғындары зор қуанышқа кенелдi. Ықшамауданда №181 жалпы бiлiм беретiн жаңа мектеп ашылды. Бiлiм шаңырағының ашылу салтанатына аудан әкiмi Бағдат Мәнiзоров қатысты. Аудан басшысы жаңа бiлiм ұясының пайдалануға берiлу қуанышымен барша қауымды құттықтап, ақжарма тiлегiн жеткiздi.

Өз сөзiнде Б.Мәнiзоров мемлекеттiң болашағы үшiн бiлiмдi жастардың аса қажет екенiне, сол үшiн елiмiзде бiлiм саласына қажеттi барлық жағдайдың жасалып жатқандығына тоқталды. Салтанатты жиыннан соң аудан әкiмi мектеп құрылысын жүргiзген «Асар» құрылыс фирмасының басшысы С.Исмаиловпен бiрге жаңа ғимарат iшiн аралап шықты.

1200 балаға арналып салынған мектеп мемлекеттiк тiлде бiлiм беретiн болады. Онда 6 мультимедиялық кабинет, 4 информатика, 4 лингафон кабинетi, 21 интерактивтi тақта, 158 компьютер бар. Сондай-ақ, жаңа мектептiң 300 орынды мәжiлiс залы мен 200 орынды асханасы бар.

Жаңа мектепке басшы болып осы ауданда директордың оқу iсi жөнiндегi орынбасары қызметiн атқарып келген Бибiгүл Шанкереева бекiтiлдi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *