ОН ЕКІ КҮНДЕ 5704 МЫҢ АДАМ ТЕГІН ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТКЕН

« Денсаулық айлығы»

НҰРЖАМАЛ БАЙСАҚАЛ

Алматы қаласы әкімінің Баспасөз орталығында қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев «Денсаулық» айлығының алғашқы он күндігі бойынша журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. Басқосу барысында қаламыздың бас дәрігері Қанат Дүйсенбайұлы журналистерді осы уақытқа дейін жүргізілген дәрігерлік тексерулердің нәтижесімен таныстырып, жалпы қоғамдық денсаулық басқармасы бойынша дәл қазіргі кезеңде атқарылып жатқан жұмыстармен, сондай-ақ емдеу мекемелерін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жүргізілген аудит жөнінде қысқаша айтып өтті. «Денсаулық» айлығының қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша медициналық қызметке қолжетімділікті қамтамсыз ету мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өткен басқарма басшысы молбильдік дәрігерлік топтар құрылып, іске қосылғанын, оның басты мақсаты профилактикалық тексеріп, қарау арқылы азаматтардың денсаулығын сақтау және қолдау, жұқпалы да қатерлі дерттердің пайда болуының алдын алу екендігін айтты. Айлық басталған күннен бастап бүгінгі күнге дейін медициналық тексерулермен қаланың шалғайдағы 20 елді мекені қамтылып, 5704 мың адам тексеріліп, өз денсаулықтары туралы толық анықтама алыпты. Сонымен бірге Қ. Төсекбаев қаламыздағы қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты емдеу мекемелерінде жүргізіліп жатқан қайта құрылымдау жұмыстары, медициналық мекемелердің жабдықталуына байланысты аудит жүргізіліп, аудиттің 71 емдеу мекемесін, оның ішінде 14 стационарлық ұйым, 38 МСАК ұйымы, 7 босандыру мекемесін және өзге де 12 денсаулық сақтау ұйымдарын қамтығанын жеткізді. Осы аудиттік тексерулердің нәтижесінде қаламыздағы емдеу мекемелерінің ауруды анықтауға қажет дәлділігі жоғары құрал-жабдықтармен жабдықталуының 60 пайызды құрап отырғандығын, тіпті кейбір, атап айтқанда 20, 21, 25, 26, 27 емханааларда бұл көрсеткіш небәрі 22 пайызды ғана құрап отырғандығын да айтып өтті. Жыл соңына дейін осы аталған емханаларға 35 бірлік қажетті жоғары технологиялық құрал-жабдықтар сатып алынбақ. Ал осы құрал- жабдықтарды сатып алуға 470 миллион теңге қарастырылған екен. Баспасөз мәслихаты барысында Қоғамдық денсаулық басқарамасының басшысы Қ. Төсекбаев журналистер тарапынана қойылған сұрақтарға жауап берді. Қаламызда өткізілп жатқан « Денсаулық» айлығының 30 тамызға дейін жалғастындығын Алматы қаласының тұрғындарының есіне сала кеткіміз келеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *