ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕСІ АСА ӨЗЕКТІ

Қалалық әкімдіктің мәжіліс залын­да Мемлекеттік қызмет істері депар­таментінің ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті­гінің Алматы қаласы бойынша депар­таменті басшысының орынбасары Шынар Әлімхан төрағалық еткен жиынға қоғамдық кеңес мүшелері, қаладағы бірқатар басқарма басшыла­рының орынбасарлары, ҮЕҰ мүшелері, мүгедектер қоғамының өкілдері қатысты.

Жиында қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына қатысты қала тұрғындарынан келіп түскен арыз-шағымдар қарастырылды. Атап айтқанда, азаматтардың тұрғын үй кезегіне тұра алмауына байланысты шағымдар, мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу туралы мәселелер көтерілді. Тұрғын үйдің адам өмірін және адамның басты қажеттілігін қанағаттандырудағы орны ерекше.  Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беретін жағдайлардың жасалуына баса мән берілді.

Жұмыс тобы мүшелерінің пікірінше, мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз жүріп-тұруына пандустар, есік ойықтарын орнату нормалары сақтал­ған, тұтқалар бар. Дегенмен, кемшілік­тер де жоқ емес. Таяу арада бұл олқылықтардың орны толты­рылмақ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *