Олжас Сүлейменов лауазымды қызметке тағайындалды

«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемле­кеттік музейі» респуб­ликалық мемлекеттік қазыналық кәсіп­орнына  белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов директор болып  тағайындалды.

2016 жылы ашылған бұл мекемеге басшы болып археолог Карл Байпақов тағайындалған болатын. Белгілі архео­лог биылғы жылдың қараша айында 78 жасында дүниеден өткен еді. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұжымға Олжас Омарұлын өзі таныстырды.

– Бұған дейін бұл орталық айна­лысқан бағдарла­малар бірлесіп ақыл­дасқан жобалармен молаяды. Карл Байпақовтың бастаған ісі жалғасады. Тақырыптық бағдарламаларда өзгеріс­тер болады. Археологиялық бағытта ғана жұмыс істемейміз. Біздің ата-бабаларымыз өз іздерін тасқа қашалған сөзге де қалдырған, – деді Олжас Сүлейменов.

Сөз қадірін білетін ақынға жаңа қызметте табыс тілейміз!

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *