Қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын болдық

Соңғы кезде елімізде қолма-қол ақшасыз есеп айырысатын отандастар саны жылдам өсіп келеді дейді, Rankіng.kz сарапшылары.

 Құттыбек АЙМАХАН

Осы ретте мамандар пікіріне құлақ түрсек, онда 2019 жыл­дың қаңтар айын­да  қолма-қол ақшасыз есептес­кен­дер­дің саны 35,7 пайызды құраған. Ал енді өткен жылы бұл көрсеткіш 28,3 пайыз болыпты. Тіпті, бұдан он жыл бұрын осы аталған көрсеткіш 11,1 пайыз болған екен.

Осыған байланысты сарапшылар пікірі бойынша «Егер салыстыра айтсақ, банктен берілген қолма-қол ақшаның көлемі бір жылда тек 39,2 пайызға ғана өссе, ал ақшасыз төлем деңгейі екі есеге дейін өсіп шыға келген.

Нәтижесінде карта айналымынан түскен қаржы көлемі бірден 55,3 пайызға өссе, ал биылғы жылдың ақпан айында ғана банк карталарынан айналымға түскен қаржы көлемі 23,66 млн. теңгеге жеткен. Сөйтіп, қолданыстағы 17,88 млн. картаның дебеттік карта екені анықталған», – дейді сарапшылар.

Сонымен қатар, олардың айтулары бойынша, бүгінгі таңда нарықтағы банк карталары зор сұранысқа ие болып отыр екен. Айталық, осыған дейін «Gold» санатындағы карталар жоғары бағаланып келсе, ендігі жерде платин сегментіндегі карталар жоғары бағаланып отыр екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *