ОЛАР ЖАҢА ДОСТАР ТАБАДЫ

«Тәртіп» АҚ – Алматыдағы ең іргелі компаниялардың бірі. Оның да өзінің қайнаған өмірі, тыныс-тіршілігі бар. Компания 1999 жылдың қарашасында Алматы қаласы әкімінің шешімімен мегаполистің коммуналдық қалдықтарын жинап, шығарушы кәсіпорын негізінде құрылған.

«Тәртіпте» 900-ден астам адам қызмет етеді, ал қалдықтарды жинау және шығарумен тікелей айналысатын өндірістік қызметкерлердің саны – 800-ден жоғары. 236 арнайы техника қаланың алты ауданында шоғырланған жеті өндірістік базада орналасқан және кез-келген уақытта қаланың қай түкпірінде, жылдың қай мезгілінде болмасын қызмет атқаруға дайын.

Нұржамал Әлішева

Күн сайын Алматы бойынша қала сыртына 2 тоннадан астам қоқыс шығарылатын көрінеді. «Тәртіптің» жұмысшылары жұмысқа ала таңнан шығады. Иә, олар қаланың, айналаның тазалы­ғына жауапты, баршамыздың таза ауа жұтып, таза жерді басып, көңіл-күйіміздің жақсы болып жүруі үшін еңбек етуде.

«Тәртіп» АҚ ішінен 2009 жылы құрылған Кәсіподақ ұйымы осындай еңбекқор жан­дардың әллдеуметтік жағдайына әрдайым көңіл бөліп, көмек қажет отбасына қолдау көрсетіп отыра­ды. Мәселен, айтулы мерекелерде көпбалалы отбасыларға, әлеу­меттік қолдауға мұқтаж жандарға ақшалай жәрдем көрсетіліп тұра­ды. Үздік деп танылған жұмыс­шыларға шипажайларға жолда­малар беріледі. Шаңырақ көтеріп жатқан жастардың қуанышына да ортақтасып, қайғылы жағдай болған отбасының да қиын сәттерде жандарынан табылып жүреді. Жылда «Мектепке жол» акциясы кезінде де талай шаңы­рақтың жоғы түгенделіп қалатыны бар. Ал балалар жағы ешқашан тәттіден кенде қалған емес.

Балалар демекші, таяуда «Тәртіп» АҚ-ның Кәсіподақ ұйы­мы өкілдері көпбалалы отбасы­ларда тәрбиеленіп жатқан 10 ба­ланы өздеріне арнайы шақы­рып, жеткіншектерді салтанатты түрде «Алматау» балалар сауық­тыру лагеріне шығарып салды. Олар­дың ата-аналары, әрине, осы ұйымның мүшелері.

– Тегін демалу сертифика­тына және тіл үйірер тәттілерге ие болған балалар жазғы демалыста­рының көңілді өтетініне және жаңа да жақсы достар табатын­дықтарына сенімді. Былтыр 8 ұл-қызымызды демалдырғанбыз. Биыл қатарымыз толығып жатыр. Біз балалардың жүзінен әрдайым қуаныш қана көргіміз келеді, – дейді «Тәртіп» АҚ Кәсіподақ ұйымының төрағасы Әлішер Қасымов.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *