ОЛАР  ҮЗДІКТЕР

Биылғы жыл    медицина қызметкерлері арасында өткізілген   Кәсіби біліктілік бай­қауында жеңімпаз атанғандар:

Нұрсан Сұрашев –   үздік дәрігер.

Анастасия Попова – үздік менеджер, денсаулық сақтау саласының ұйымдас­тырушысы.

Мая  Олшанова – үздік тәуелсіз эксперт.

Маргарита  Асылбекова – денсаулық сақ­тау саласының  үздік әлеуметтік қыз­меткері.

Майра Сәрсенбаева – Медицина колледжінің үздік оқытушысы.

Назира Мырзабаева –  үздік мейірбике.

Еркебұлан Ырысдәулетов – үздік фельдшер.

Татьяна Кагальникова – үздік провизор.

Дархан Сисенов – санитарлық-эпиде­миологиялық саланың үздік дәрігері.

 

БІЗДІҢ РАИСА

 

Әуезов ауданына қарасты №10 қала­лық емхананың уро­лог дәрігері Раиса Сәрсен­баеваны  ем­делу­шілері осылай жандарына жақын тартып, құр­метпен есімін атайды. Жақсы  адам, жақсы маманды халықтың өзі-ақ бағалап, оның мерейін арттырып жүреді. Раиса Жұмах­медқызы сол халықтың алғысына бөленіп жүрген алматылықтардың қалаулы дәрі­герлерінің бірі. Раиса Сәр­сенбаеваның бұл салада қызмет атқарып келе жатқанына  қырық жылдан асыпты.

 

ЭНДОПРОТЕЗ ШЕБЕРІ  ГАЙСИН

 

Қаламыздағы №4  көпсалалы қалалық аурухананың жарақат және іріңді хирургия бөлімінің мең­геру­шісі,  белгілі  травма­толог дәрігер, хирург Ра­фаэль Рафикұлы Гай­синді таны­май­тындар кемде-кем шығар. Әсі­ресе, буын сан сүйек­тері сынған, аяқ-қол буындары зақым­дан­ған  науқастар  Рафаэль Рафикұлын жақсы таниды.  Р.Гайсин  бүгінде кеңінен қолда­нылып жүрген аяқ-қол буындарын эндо­протездеу және мерзімі өткен протездерді қайта салу ісінің шебері. Еліміз медици­насына  жаңадан қосылып жатқан эндо­протездеу саласын жетік білетін Р.Р.Гайсин  талай адамның тік жүріп, қатарға қосылуына септігін  тигізген мықты маман­дардың бірі.

 

ТАБАНДЫ ТАБЫНБАЙ

 

Өз ісіне жауапты адам көрсе үлкендер­дің  табанды жігіт  екен деп ризашылық біл­діріп  жататыны  бар емес пе. Алатау ауда­нына қарасты №29 қалалық емхана­ның  хирург дәрігері   Та­бын­бай Саекеев те сондай  өз ісіне жа­уапты денсаулық сақ­тау саласында отыз  алты жылдан бері табан аудармастан қызмет етіп келе жатқан  қолы шипалы  дәрігер­леріміздің бірі.  Табынбай Саекеев­тің білік­тілігінің арқасында талай адам өз бойындағы  хирургиялық  көмекті қажет ететін ауру­ларын дер кезінде анықтап, дер кезінде ем алуға мүмкіндік алады. Табынбай Құрбан­байұлы үшін ең басты марапат – науқас жандардың алғысы мен рахметі.

 

Гүлжахан ЖекеТАЕВа, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты невропатолог

 

Қаламыздағы №7 қалалық клиникалық аурухананың  невро­логия бөліміне  келіп емделгендерге бұл есім жақсы таныс. Қар­қаралыдай сұлу таби­ға­ты бар Қарағанды облысында өмірге келген Гүлжаханның өз табиғаты да сұлу, көркем мінезді. Гүлжахан Жекенқызының бұл мінезі жүйке ауруына шалдыққан науқастарды емдеп, сауық­тыруда  көп көмектеседі. Науқасы жан­дары­на батқан адамдардың іздейтіні де осындай жылы сөз бен мейірім екендігін ол жақсы түсінеді. Гүлжахан Жекетаева медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты невропатолог.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *