Ол неге мұхиттанушы болды?

Жан-Ив-Кусто аквалангты ойлап тапқан ба? Солай деседі. Бірақ жеке өзі емес. 1942 жылдың желтоқсан айында енесі Кустоны инженер Эмиль Ганьянмен таныстырады. Жан-Ив-Кусто онымен су астында және оның тереңіне дейін барып еркін жүре алатын аппарат ойлап табу жөніндегі ойымен бөліседі. Идея керемет еді, бірақ оны техникалық білімі жағынан жүзеге асыруға дәрменсіз болды. Алайда, Эмиль Ганьян бұл аппаратты жасауға қабілетті болып шықты да, оны «акваланг» деген атпен патенттеп алды. Ол латынша «аqua – су» және ағылшынша «lung – жеңіл» деген мағына береді. Сөйтіп, Жан-Ив-Кусто 1950 жылы дайвер Терри Янчтің көмегімен аквалангты су астындағы сынақтан сәтті өткізді.

Жақсының атын әркім де иеленгісі келеді. Бір заманда Белоруссияның Витебск облысының бір деревнясынан Францияға күнкөріс қамымен Даниель Кусто деген кісі барады. Ресей және Белоруссия сайттарында Жан-Ив-Кусто соның баласы екен деген ақпарат тарайды. Сайып келгенде, оның әкесі Даниель Кусто жергілікті заңгер, шешесі Элизавет жергілікті дәріханашының қызы.

Кусто жоғары әскери-теңіз мектебінде оқып, 1936 жылы теңіз авиациясына сұранады. Оның өкініші қанағаттандырылғанымен ол көлік апатына түсіп, қабырғасы сынып, омыртқасына зақым келіп, қолы жансызданып қалады. Болашақ мұхиттанушы өзінің асқан төзімділігінің, арнайы жаттығулардың арқасында қалыпқа келгенімен, ұшқыш болу арманы орындалмай қалады. Бақытсыз жағдай оны флот ісімен айналысуға алып келеді. Ол су астындағы зерттеулерге құмбыл кірісіп, түрлі, қызықты көріністерді түсірді.

Оның теңіз үстінде көрмеген қиянаты да қалмаған. Бір жолы бұлардың кемесін кит аударып жібере жаздап, акуланың өзі де шабуыл жасағанын ол теңіз хайуанат­тарына арналған фильмінде шебер баяндайды. Сондықтан ол хайуанаттарға өте аяусыз қараған.

Кустоның көптеген фильмінде жұмыс істеген режиссердің аты-жөні титрда көрсетілмеген. Мұхиттану­шының биографы Бернар Виоле өз естелігінде Жан-Ив-Кусто атымен 200-ден астам фильм жарық көргенін, оның 55-ін баласы түсіргенімен өз атына жазып алған дейді.

Ол айналаны бүлдіретін, ластайтын компаниялармен соңғы 20 жыл бойы айқасты. Бұл жөнінде БҰҰ-ның мінберінен арнайы сөйлеп, баспасөзге мәлімдеме жасады. 1954 жылы Парсы шығанағын зерттеу жөнінде арнайы тапсырыс алып, су мамандары 2 ай жұмыс істеп, 400 нүктенің жұмысын тексерген.

Жан-Ив-Кустоның теңіз астындағы ащы су мен тұщы судың қосылмай бөлек ағатыны Құранда көрсетілгенін айтуы әлемдік сенсацияға айналғаны белгілі. Осыған орай, кейбір мұсылман басылымдары мұхиттанушы исламды қабылдады деп те жазды. Алайда, оның көзі тірі кезінде Кусто қоры бұл қауесеттің негізі жоқ екенін мәлімдеді. Туыстары оның католик дәстүрімен христиан зиратына жерленгенін растайды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *