Оксфордта оқып жүр

Білімнің қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранттары әлемнің жетекші жоғары оқу орны – Оксфорд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр. Былтыр ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың Оксфорд университетіне сапары барысында университеттер арасындағы әріптестікті дамыту туралы келісім жасалған болатын.

 Рая ЕСКЕНДІР

Міне, биыл магистранттар арнайы әзірленген «Ғылымға кіріспе» курсы бойынша география және қоршаған орта мектебіне (School of Geography and the Envіronment) тәжірибеден өту үшін аттанды. Оның теория мен тәжірибенің синергиясындағы ерек­шелігі – жетекші профессорлардың дәрістері зерттеулердің презентацияларымен сүйе­мелденеді, нақты мысалдарда ғылыми жобалардың әдіснамасы мен жоспарлануы зерт­теледі. ҚазҰУ магистранттары Сахара шөліндегі құмның көшуін, Моңғолияның табиға­тын, Омандағы бедуиндердің өмірін және Гималай тау жыныстарын зерттеу жұмыс­тарымен танысты.

Оксфорд университетінің инфрақұрылымымен танысуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақ­стандық зерттеушілер география, биология, химия, физика, археология сияқты әр түрлі салалардағы зерттеушілерді біріктіретін зертханаларға барды. Магистранттар тағылымдама атақты профессорлардың дәрістерін тыңдап қана қоймай, тәжірибелік білім алып, соны­мен қатар, әлемнің жетекші ЖОО-ның оқыту жүйесімен танысуға зор мүмкіндік алды.

Жыл сайын әлем университеттерінің рейтингісін жариялайтын QS халықаралық агенттігінің мәліметтері бойынша, ҚазҰУ осы бағыттағы көрсеткіштердің тұрақты өсу динамикасын көрсетеді. Университет Эразмус+, Мевлана, «Абай-Верн», ІAESTE сияқты басқа да халықаралық жобаларға белсенді қатысады. Сондай-ақ, осы оқу жылында ҚазҰУ-дың мыңнан аса магистранты және докторанты әлемдегі білім беру мен ғылымда көш бастап тұрған шетелдік жетекші университеттерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *