ОЙЫ СЕРГЕК, ҚАЛАМЫ ЖҮЙРІК ҚЫЗЫМЫЗ

Биылғы Жаңа жылдың басы «Ақшамдықтар» үшін тоймен басталуда. Қазақтың салтымен көркіне мінезі сай Балнұр есімді әріптесімізді ұзатқалы жатырмыз. Өз мамандығына адал, ойы сергек, қаламы жүйрік қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсау­лығы мықты болып, өзге елде қадірі арта берсін! Көпбалалы ана атанып, гүлдей берсін дей отырып:

 Екі тағдыр бір арнаға

қосылып,

Өмір-өзен аға берсін

жосылып.

Сала-сала тармақтарың

көп болсын,

Кеше ғана басын қосқан

қос үміт! –

деген өлең жолдарын арнай­мыз.

Сондай-ақ, «Алматы ақша­мы» газетінің ұжымы Олжас пен Бал­нұрға «Шаңырақтарың биік, кере­гелерің кең, босағаларың берік болсын, бақытты болың­дар!» деген тілек айтамыз!

Сендердің ақ отаула­рың­ның іргесі берік, шаңырағы биік бол­сын, түтіні түзу шық­сын! Бүгінгі той алда болатын көптеген қызық-қуаныштың басы болуға жазсын!

Өздеріңе ақ жол тілеп, Алла жар болсын дейміз!

 

«АҚШАМДЫҚТАР».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close