Ойымыз өстi ме, бойымыз өстi ме?

 

11-2

Қазақтың ойы өстi ме, бойы өстi ме?

Бұлай деуiмiзге мына нәрсе себеп болып отыр. Еуропа ғалым­дарының зерттеуiнше, еуропалық жiгiттердiң бойы 1970–1980 жылдар аралығында 11 санти­метрге дейiн өскен екен. Бұл, әрине, елдiң тұрмыстық, әлеумет­тiк жағдайының, өмiр сүру жасы­ның өсу деңгейiмен тығыз байла­нысты нәрсе. Бiзде әзiрге мұндай зерттеу жүргiзiлген жоқ.

Құдайшылығын айтсақ, бү­гiнде қазақтың да жағдайы жаман емес. Демек, бұл қазақта алып Қажымұқандар, Қаныштар қата­рының көбеюiне негiз бар деген сөз ғой.

Аяғы ауыр әйелдерге де аяу жоқ

Бүгiнде дүниеге денi сау ұрпақ келтiру де уайымның бiр түрiне ай­налғаны жасырын емес. Алайда, бiздiң заңдық құжаттарда бұл мәселенiң қалай қаралғаны бiзге әрине, беймәлiм. Дейтұрсақ та ұрпағының өмiрге денi сау, он екi мүшесi дiн-аман келуiн арман­дамайтын пенде болмас. Дегенмен де әйелдердiң балаға жүктiлiк кезiнде өз денсаулығына, баланың ден­саулығына жауапсыз қарауы кез­деспей қалмайды. Яғни жауап­кершiлiк мәселесiн көп ойлай бермейтiнiмiз де рас қой. Сон­дықтан бұл мәселеде жеке адам­ның жауапкершiлiгiнен бөлек, заңдық тұрғыдан жасалатын талаптар да күшейтiлуi керек.

Осы орайда Эстония әдiлет министрлiгi құрсағындағы пер­зентi­нiң денсаулығына немқұ­райлы қараған аналарды жауапқа тартатын заң жобасын әзiрлеп жатқаны ұлт қамын ойлаған­дықтың белгiсi. Заң жобасында егер аяғы ауыр әйел темекi тарта­тын болса, iшiмдiк iшсе және басқа қандай да бiр өрескел әре­кеттерге баратын болса 1600 евро­ға дейiн айыппұл салынып, тiптi болмаса  бес жылға дейiн бас бостан­дығынан айыру көзделген. Бұл ретте денсаулық сақтау инсти­туты жүргiзген әлеуметтiк зерттеулер бойынша өткен жылы әйелдердiң 8,3 пайызы темекi тарт­қаны дәлелденген. Демек, бұдан былай аяғы ауыр әйелдерге де аяу жоқ деген сөз.

Бiз де қаперге алатын нәрсе екен.

Ұсыныстың негiзi жоқ

Бүгiнде астананы ауыстыру жөнiнде өзге елдерде де iшiнара сөз болып қалады. Бiр кездерi Сергей Шойгу астананы Сiбiрге қарай ауыстыру керек деген де пiкiр айтқан. Ендi келiп бұл пiкiрдi Қиыр Шығыстың мэрi Игорь Пушкарев қоздырып отыр. Оның ойынша, егер астананы Уралға, Қиыр Шығысқа ауыс­тырса, бұл өңiрге сұқ көзiн қадап отырған қысық көз көршiлерге де көрсетiлген сес болады екен.

Алайда, бұл ұсынысқа Мем­лекеттiк Думаның мәдениет және архитектуралық мұраларды сақтау комитетiнiң сарапшысы Виктор Трошин.

– Бұл жұртты адастыратын, негiзi жоқ, сандырақ ұсыныс – деген баға бердi.

Он екi сағатқа созылған келiсiм

Қайсыбiр күнi бес жасар бала­сын жетектеген Өзбекстан азамат­шасы Дубайдың прокуратурасына келiп, жарып жiберетiнiн айтып елдiң зәре-құтын қашырды. Оқиға болған жер әп-сәтте қоршауға алынып, у-шуға айналды. Өзбек әйелiмен келiссөз 12 сағатқа созылып, ақыр соңында мәселе бейбiт түрде шешiлдi.

Әрине, себепсiз салдар бол­май­ды. Бақсақ, өзбек әйелiнiң мұндай шешiмге келуiнiң себебi мынау екен. Дубай полицейлерi әйелдiң Сириядан келген күйеуiн қамап қойған. Ал әйел мен ұлы­ның осы жерде тұратын мерзiмi де аяқталған. Яғни заңсыз тұрып келген. Амалы таусылған ол Ду­бай басшысынан осы жағдайға байланысты көмек сұрамақ бол­ған, бiрақ оны қабылдамаған. Ақыр соңы әйел осындай қадамға барған.

Әзiрлеген — А. АҚПАН.

Тегтер
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *