Ой маржандары

3414Адамзат ақыл-ой қазынасының қайнар бұлағы – ой жүйесі. Адамзаттың бағзы замандардан бері құрып келе жатқан қоғамы сол ой жүйесінің жемісі. Адамзат тарихындағы ақыл-ой алыптары Сократ, Конфуций, ұлы пайғамбарымыз Мұхам­мед (с.ғ.с.) өз топырағымыздан шыққан Әбунасыр әл-Фараби, Абай сынды данала­рымыз адам бойында болуы тиіс асыл қасиеттерді дәріптей келе, адам өмірінің мән-мағынасы мен асыл мұрат-мақсатын айқындап бергені мәлім.

Ермек ЖҰМАХМЕТҰЛЫ

Жалпы, өткен замандардағы барлық ғұламалардың өмірге деген көзқарастары сайып келгенде бір арнаға – адам бойын­дағы ізгілікті қасиеттер арнасына келіп тоғысып жатады. Солардың бар­лығы да адамзаттық бақытқа жету жолын осы ізгілік арнасынан көреді. Тарихтың ізі – тұнып тұрған тағылым: ойлай білу, тереңіне бойлай білу  және тарихтан сабақ ала білу. Асыл сөз қалай болса солай, тектен-тек айтыла  сал­майды, атүсті пайда болмайды. Оның ішкі иірімінде терең ой, пайымдау, көп нәрсені түсіну, өмір тәжірибесі жатыр. Өмір философиясын баяндайтын, дана­лық пен түсініктің мән-жайын кез келген адамға жеткізе алатын көркем, мағыналы бай тіл – қазақ тілінде орасан зор. Оны ғылыми танымда афоризм, қанатты сөз деп атап жүрміз.

Афоризм жанры сонау Гиппократ еңбектерінен бастау алатын, ең алғашқы мағынасында медициналық ақыл-кеңестер ретінде дүниеге келген. Бұл дүниенің анасы  әдебиет болса, атасы – ойдан түзіледі.

Біз ұзақ уақыттар бойы экзисттен­циялық мәселелер бойынша Гегель мен Маркске, Сократ пен  Эпикурге, Мон­тень мен Паскальға, Достоевский мен Толстойға жүгініп келдік. Ал мұндай ақыл-ой қазақ даналары Абай мен Шәкәрім бастаған философтар мен классик ақын-жазушылардың шығар­ма­ла­рында, трактаттарында бір ауыз сөзбен, бір шумақ өлеңмен түйінделіп жатты.

Олар дүниенің, өмірдің диалек­тика­сын ғылыми сараптау арқылы емес, қысқа да, нұсқа поэзия тілімен шебер суреттей білген. Әдетте, біз бұл жолда Фалес, Гера­клит, Екклесиаст, Будда, Шопенгауэр, Ниццеге көңіл аударып келдік. Ал қазақ ойлау жүйесі клас­сикалық дәстүрмен де ұштасып кет­кеніне назар аудармай жүрміз.

Қазақстан Президенті өзінің дәстүрлі Жолдауларының бірінде: «Мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негі­зінде гуманитарлық білім берудің толым­ды қорын жасау қажет» деп ерекше атап көрсетілген. Осыған байла­нысты бізге әлемдік тарихтың ұлы ойшылдары, атап айтқанда, Геродот, Цицерон, Платон, Фома Аквинский, Никола Макиавелли, Томас Мор, Фрэнсис Бэкон, Генри Болингброк, Франсуа Вольтер, Иоганн Готфрид Гердер, Марк Блок, Конфуций, Сыма Цянь шығармаларын қазақ тіліне аударуды қолға алған жөн. Міне, осы ойдың орны енді толысып  отырған сы­ңайлы. Жақында осыған дейінгі қолға алынған афористік әдебиеттерді кең пайдалану арқылы жаңа қомақты тың дүние өмірге келді.

Бағзы замандардан бүгінге дейінгі «Ақыл-ой антологиясын» жинақтап, аударып, құрастырған Ахмет Бейсен көп ізденістер нәтижесінде туындыларды тақырып-тақырыпқа бөліп, топтастырып беріпті.

«Тоғанай Т» баспасынан жарық көрген «Ой маржандары» мемлекеттік қызметшілер мен саясаткерлерді, әде­биетшілерді, философтар мен журналис­терді далалық өркениет сырларына терең оймен қарауға үндейді. Шығарма өзіңе-өзің өзгенің көзімен қарап, көруге мүмкіндік береді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close