Қобызға қосылып ән салайық

 

№83 мектепте Қа­зақ­станның еңбек сіңір­ген қай­раткері Гүлнәр Қа­башеваның балалар музыка мектебінің 1-5 сынып оқу­шы­ларына арналған «Қобыз үйре­нейік» деген оқулы­ғының тұсаукесері өтті.

Еліміздің барлық қала­сынан келген қо­быз-дом­быра аспа­бы­ның ұстаздары Гүл­нар Қасымқызының ше­берлік сабағына да қатысып, тәжірибе ал­масты.

Бұл оқулық респуб­лика көлемінде ком­позитор­лардың, өнер қайраткер­лерінің шы­ғармаларын насихаттау барысында үлкен жұ­мыс атқарып жатқан «Әуен» баспасынан ба­сылып шықты. Дирек­торы, редак­торы педа­гогика ғылымы­ның кандидаты, профессор, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері Өтеген Спанов та қатысып отыр.

Кітапқа Гүлнәр Қа­ба­шеваның ұстаз­дары пікір жазған. Оның 35 жыл қызмет атқарған ұжымы да осы іс-шара­ның төрінен табылды. Тілектерін, ниет­тестік­терін білдірді.

Осы уақытқа дейін қобыз аспабынақ көп­теген кітап шыққан. Бірақ Гүлнар Қасым­қызы өзінің көп жылғы ұстаздық қызметінің нәтижесі ретінде алғаш рет  әр сынып бойын­ша жеке даралап оқу құра­лын жинақтап шығы­рып отыр.

Әр жинақтағы шы­ғар­малар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай және техникалық ойнау мүм­кіндіктеріне сәйкес өте орынды іріктелген. Тағы бір атап өтетін жағы – жинаққа тың тақырып­тар енгізілген. Мысалы, «Қобыз үйрену нота­сының әліппесі», «Қа­зақ­тың халық әндері», «Орыс, шетел ком­позитор­ларының шығармалары» деген тақырыппен жекелей берілген. Бұл оқушы­ның музыканың жанр­лық ерек­шеліктерін ертерек түсінуге, бір-бірінен ажырата білуіне пайдасы мол. Соңғы кезде оқушылардың аспапта ой­наумен қатар, ән салуға да талпыныстары зор. Осыны ескере отырып, автор жинаққа 1-2 сы­ныпқа арналған «Қо­бызға қосылып ән шырқайық», «Дом­бы­раға қосылып күй тартайық» атты бөлім­дер қосқан. Демек, оқушы 2-сыныптан бастап-ақ ансамбльде ойнау қабі­летін дамы­тады, дағдыла­нады. 3-4-5 сыныпқа арналған жинақтарында Қазақ­стан композитор­ла­рының шығармалары­мен қатар, классикалық, қазіргі жас композитор­лардың да қобызға арналған шығар­малары енгізілген.

 

Шұғыла ОЛЖАС.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *