Обама ойына келгенін істейтін тәрізді

U.S. President Barack Obama smiles after making remarks on regulatory reform in the East Room at the White House in WashingtonКейінгі кезде Барак Обама туралы тосын әңгімелер жиі айтылып жүр. Тіпті, біреулер оның кейбір әрекетін не балалыққа, не даналыққа жори алмай не айтарын білмейді. Әрине, әлемдегі ұлы империяның бірін басқарып отырған адамды бала дей алмайсың. Мәселен, бұл кісі телефонмен сөйлессе, аяғын үстел үстіне тастай салады екен. Таяуда Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Обамаға тас-талқан боп ренжісін. Сөйтсек, израильдік әріптесімен аяғын үстелге сұлатып тастап сөйлескен Обаманың бұл қылығын бізді сыйламағандығы, құрметтемегендігі деп бағалаған Беньямин Нетаньяху бүткіл еврей баспасөзін шулатқан.

Обама мұнымен қоймай, сағыз шайнауға келгенде де жер таңдамайды екен. Мәселенки, одақтастардың Нормандияға әскер түсіруінің 70 жылдығында бұл кісі күйіс қайырудан бір жаңылмаған. Бұл жөнінде де әлем баспасөзі шулап кетті. Бірақ, солай екен деп айылын жиятын Барак жоқ. Қаранәсілділер көсемі Нельсон Мандела өмірден озғанда табыт алдында тұрып, әлсін-әлсін жымиып, сағыз шайнағаны және бар.

Қайтесіз мұны әдет дейін десеңіз, ұлы держава басшысының қарапайым этиканы білмегені ме? Болмаса оның имиджейкерлері қайда қарайды? Бәлкім, олар да іштен тынып,үндемейтін шығар. Кім біліпті, мұнда не сыр барын?!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *