Қоқыстан қалай құтылуға болады?

Қала әкімінің назарына

Бүгінде  күллі  адамзат өзі өмір сүріп жатқан  Жер-Ананың келешегіне алаңдаулы. Өркениеттің көз ілеспес жылдамдықпен дамып, техниканың өмірімізге барынша енуі бір жағынан жақсы болғанымен, екінші жағынан адам баласын табиғаттан алшақтатып бара жатқанын көріп отырмыз.

Әрине, адам ағзасы қимыл азайған сайын май басып, өзінің ұзақ жасау қабілетінен айырыла беретіні даусыз.  Ғылым мен техникасы әлем бойынша барынша  дамыған Жапон елі оның пайдасын қаншалықты көрсе, зиянын да көңілден тыс қалдырып отыр­мағанын күнделікті естіп, көрудеміз.

Дәл осылай өндіріс қал­дық­тары да шамадан тыс табиғат-ананы ластап жатыр.

Күні кеше Алматының жаңа әкімі Бақытжан Сағын­таев қаланың экологиялық жағдайына алаңдағаны сон­шалық, өзі бастап бүкіл ап­паратын, қала тұрғындарын қоса ертіп, сенбілік ұйымдас­тыруы құптарлық іс.

Қаланың ішкі тазалығы­мен айналысатын арнайы мекеме ертелі-кеш жұмыс істеп жатыр-ау…

Демалыс күндері  қала маңымен Алатау қойнауына барып,  демалушылар бұрын­ғыдай емес, көпшілігі отырған орындарын тазалап, қалдық­тарын дорбашаға салып, алып кетіп жатқанын көріп жүрміз. Дегенмен, адамның ішкі мәдениеті оянбайынша, кез- келген  жағдайда оңайшы­лық­пен ілгері  баса қоймайды.

Менің айтайын деген ұсынысым: осы демалыс аймағына кіре берістердегі тұрған бекеттерде әр кірген техника иесінен бекеттен қайта шығып бара жатқанда қалды­ғын салып алған дорбашасын көрсетуін талап ету керек. Демек,  әр демалу­шы өзі пай­даланған қалдық­тарын өзімен бірге жинап алып, қаладағы арнайы орынға тастауға дағдыланады деген сөз. (Мүмкін бекеттен кірерде алатын жарнаға қосым­ша  қоқысқа деп пұл алу керек пе,  қоқысын көр­сеткенде қай­тарып беру үшін. Мұның жолы көп,  ойластыру керек.)

Міне, әкімшілік осындай нақты іс-шараларды ұйым­дас­тырса, әсем Алатауы­мыздың қоқыстан біршама болса да көзі ашылар еді. Әрі ондағы тазалықпен айналы­сатын мекеме үшін де көп жеңілдік болады.

 

Саниязбек НҰҒЫМАН,

     қала тұрғыны.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *