Оқушының қызығушылығын арттыру үшін озық әдіс керек

Бүгінгі таңда білім жүйесінің көптеген ерекшелігі бар. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының сабақты жан-жақты оқып, қабыл­дауы үшін барлық мүмкін­шілік бар екендігін айтқым келіп отыр. Мен өз сабағыма «Алдар көсе мен Шығайбай» туралы аңызды алған едім. Ондағы мақсат – аңызды оқып, негізгі идеяны ашу. Әрі оқушылардың тілін жетілдіріп, өз ойын еркін жеткізуге, еркін сөйлеуге, негізгі ойды ажырата білуге үйреттім. Алдымен оқушылармен амандасып, оларды психологиялық тұрғыдан әзірлеп алдым. Ұлы Абайдың бес асыл ісі арқылы топқа бөлдім.

Бірінші топ – «Талап», екінші топ – «Еңбек», үшінші топ – «Терең ой», төртінші топ – «Қанағат», бесінші топ – «Рақым» деп аталды. Топ басшысын сайлап, топ мүшелеріне рөлдерді бөліп бердім. Осыдан соң үй тапсырмасын сұрауға да уақыт бөлдім. Үйге «Қорқыт» туралы аңызды берген едім. Топтық жұмыс арқылы алдымен халық ауыз әдебиетіне нелер жататы­нын, аңыз дегеннің не екенін, Қорқыт қандай адам болғанын және оны қандай сұрақтардың мазалағанын сұрадым. Қорқыт қобыз тартқанда не болатыны да топты қатты қызықтырды. Бұл арада болжау әдісін қолдандым. Осы сәтте жаңа сабақтың да сәті келіп жетті. Мультфильм көрсете отырып жаңа сабақты бастадым. Оқулықпен жұмыс жасай отырып, «Ойлаудың 6 қалпағы» әдісін қолдандым. Бұл әдісті қолданған сәтте байқағаным, оқушылардың ерекше қызығу­шылық танытқаны болды.

Оқушыларды «Ақ қалпақ», «Сары қалпақ», «Қара қалпақ», «Қызыл қалпақ», «Жасыл қалпақ» деп 5 топқа бөліп, «Көк қалпақ­ты» бақылаушы, бағалаушы етіп сайлап алдым. Дәл осы арада оқушыларды демалдырып, сергіту сәтіне кезек бердім. Жаңа сабақ барысында топтық жұмысты бастап кеттік. «Алдардың айла­сын тап» деген тақырыптағы жұ­мыстар да өте қызғылықты болды. Бұл арада мен тек дарынды оқушылармен ғана емес, үлгерімі төмен оқушылардың да қызығу­шы­лығын оятуға тырыс­тым. Ол үшін оқушыларға Алдар көсеге хат жазғызып, бес жолды өлең құрастыруға тапсырма бердім.

«Егер мен бай болсам…» деген эссе барысында да оқушылар өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Симантикалық картамен жұмыс жасай отырып, «Иә, жоқ» әдісі арқылы сұрақ-жауап алдым. Оқушыларға сурет көрсетіп, Алдардың айласына қатысты суреттерді көрсетіп, сол туралы ойларын тыңдадым. Симанти­калық карта арқылы «Көңілді жүретін, кедейлерге көмектесетін кім?» деген сауал жолдадым. «Сараң, қызғаншақ адам кім?» деген сауалға  оқушылар Шы­ғайбай деп жауап қатты. Сабақ өте қызықты өтті. Ең соңында сабақты қорытып, оқушылар «Сиқырлы доп» ойыны арқылы аңызға қатысты сауалдар қойды. Осы сауал барысында оқушылар­дың жаңа сабақты қаншалықты меңгергенін байқа­дым. Үйге тапсырма ретінде «Кейіпкерге» хат жазып келуді тапсырдым.

Осындай әдіс-тәсіл арқылы өткен сабақ барысында оқушы­лардың білімге деген қызығу­шылығын арта түскенін аңғаруға болады. Ұстаздар қауымы әрқа­шан озық іс-тәжірибелерін ортаға салып отырса, оқушылардың білімге деген қызығушылығы да арта түсер еді.

 

Салтанат ТЕҢІЗБАЕВА,

«Еркін ауылы» №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *