ОҚУШЫЛАР СПАРТАКИАДАСЫНДА 15 ЖЫЛ БОЙЫ ОЗА ШАУЫП КЕЛЕДI

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Әуезов ауданында жалпы бiлiм беретiн 34 мектептiң оқушылары аудан абыройын асқақтатып жүрген таланттарға толы. Оқушылардың бұқаралық-спорттық және денешынықтыру жұмыстарын жүйелi түрде қамтамасыз ету үшiн еңбегiн аямай жүрген 220 мұғалiмнiң маңдай терiнiң ақталғаны сол, қалалық оқушылар спартакиадасында Әуезов ауданы оқушылары 15 жыл бойы алдына жан салмай, жеңiмпаз атанып келедi.

Аудан мектептерiнде өтетiн «Денсаулық фестивальдерi», «Былғары доп» айлығы, «Денi сау жанұя – тұғырлы мемлекет», «Менiң елiм» атты ұлттық спорт ойындарынан тұратын шараларды оқушылар асыға күтедi. Сондай-ақ, «Спорт және туризм», «Наурыз», «Жеңiс күнi», «Ата заң», «Әсем қала Алматы», «Тәуелсiздiк», «Отбасы», «Тұңғыш Президент» күндерiне жыл көлемiнде 20 мыңнан астам оқушылар мен ұстаздар қатысады.

Жас ұрпаққа сапалы бiлiм, саналы тәрбие беруде салауатты өмiр салтын қалыптастыруда мектеп, аудан, қала спортының өркендеуiне сiңiрген еңбектерi, қосқан үлестерi мол ұстаздар да аз емес. Олар: Б. Ақ­баев – аудандық бiлiм басқармасында аға спорт нұсқаушысы, 15 жыл көлемiнде қатарынан қалалық оқушылар спартакиадасында ауданды жеңiске жеткiзген, оқушылар, мұғалiмдер арасында жарыс, iс-шаралар ұйымдастырушы, аудан мұғалiмдерiнiң отырыстары, жұмыс­тарын ұйымдастырушы, Т. Интин («Жаңа ғасыр», №175 гимназия) – 2011 жылы алғашқы қалалық «Үздiк дене тәрбиесi мұғалiмi» сайысы­ның жеңiмпазы, волейбол (ұлдар, қыздар), дойбы, шахматтан аудан құ­рама командасының жаттықтырушысы. Осы ретте айта кетерлiгi, гим­назия командасы ауданда 6 жыл қатарынан (XI-XVI)  оқушылар спар­такиа­дасының жеңiмпазы ретiнде танылып келедi. №5 аймақта спорт нұсқау­шы М. Досжанов (№1 мектеп-гимназия) – спорт ардагерi, ұлт­тық спорт ойындарына жауапты, оқушылары аудандық, қалалық сайыс­тар же­ңiм­паздары; Д. Бексейiтов (№9 мектеп) – үстел теннисiнен оқушылары аудан, қала, республикалық додалар жеңiмпаздары және басқалар.

Алматы қаласы әкiмдiгi, ҚР Спорт және туризм агенттiгi және қалалық Бiлiм басқармасы бастамасымен өткiзiлетiн спорт жарыста­рында оқушылар спартакиадасында «Сымбат», «Солақай», «Баспал­дақ», «Кока-кола», «Цесна» сайыстарында да жеңiстер айқын көрiнуде. Қалалық оқушылар спартакиадасында спорттың 16 түрi бойынша өтетiн жарыстарда Әуезов ауданы оқушылары 15 жыл бойы алдына жан салмай жеңiмпаз атанып, соңғы үш жылдағы көрсеткiшi үшiн Бiлiм басқармасының ауыспалы кубогын жеңiп алды. «Президенттiк сына­ма», жеңiл атлетика, үстел теннисi, ұлттық ойын – «тоғызқұмалақ», дой­бы, шахмат, волейбол (ұлдар, қыздар), баскетбол, гандбол, футболдан оқушылар жоғары көрсеткiш көрсетiп, өз үлестерiн жеңiске қосып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *