Оқушылар сарайы онлайн байқаулар өткізуде

Рая Ескендір

Қалалық Оқушылар сарайы қазіргі жағдайға қарамастан 3 ай бойы бір сәт те жұмысын тоқтатқан жоқ. Балалар түрлі үйірмелер жұмысына әлеуметтік желілер арқылы қатысып, байқауларда бағын сынады. Биылғы жыл ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған түрлі іс-шараларға толы.  Осы ретте, Оқушылар сарайы ұжымы да «Менің сүйікті шығармам» атты аспаптық орындау бойынша қашықтықтан байқау өткізіп отыр. Оған педагогтар белсене қатысып, байқаудың мазмұнды өтуіне күш салды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған байқаулар саны тіпті көп. Оқушылар бұл байқаулардың барлығына қашықтықтан болса да, өздерінің белсенділіктерін танытты. Мәселен, «Ұлы жылдарға тағзым етеміз» атты сурет байқауы, «Жеңіс әндері» атты ән байқауына Оқушылар сарайы, музыкалық мектеп оқушылары қатысса, «Біз ата-баба даңқының мұрагерлеріміз» атты эссе байқауы, «Ер есімі ел есінде» көркемсөз жанры бойынша қалалық онлайн сайыс, «Ұлы Жеңіс күні» вокал байқауыларына оқушылар қызығушылықпен қатысты. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлермен онлайн-конференциялар ұйымдастырылып, жас ұрпаққа ардагерлермен  кездесудің де сәті түсті.

Осындай қиын сәтте балаларымыздың білім алуымен қатар, түрлі үйірмелерге қатысып отыруы маңызды. Өйткені, қосымша білім беру оқушылардың таным дүниесін кеңейтіп, бір сәт демалуларына мүмкіндік береді. «Ешкім де, ештеңе де ұмтылмайды» атты видеороликті өткізген Жас натуралисттер өздерінің көп ізденгендіктерін көрсетті.

Оқушылар сарайының Туристік өлкетану бөлімі оқушыларға арнап, қашықтықтан «Я много слышал о войне» эссе байқауы, «Защитники нашего Отечества», «Казахстан – наш общий дом» сурет байқауларын өткізді. Оқушылар сарайының Сәндік-қолданбалы шығармашылық бағыттағы үйірмесі «Өнерлі балақан» атты байқауды да өтте қызықты етіп өткізді. Оқушылар сарайының жас натуралисттері арасында «Герои есть и сегодня», «Шире круг», «Дети о войне» атты байқауларды ұйымдастырып, оның маңызды болып өтуіне ұйытқы болды. Жас ұрпақ өмірінде салауаттылықтың алар орны ерекше. Сондықтан, қандай жағдай болса да, спорттан қол үзбеуіміз керек. Оқушылар сарайының көркем гимнастика үйірмесі оқушылар арасында челлендж ұйымдастырып, спорттан қол үзбегендіктерін көрсетті. Жаңа заман балаларының робототехникаға аса қызығушылық танытатыны белгілі.  Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар да дәл қазір қызығушылықпен ұйымдастырылып, бір сәт те жұмысын тоқтатқан жоқ. Осындай жауапты сәтте қаламыздың барлық баласының уақыттарын тиімді әрі пайдалы етіп өтуіне күш-жігерін жұмсап отырған Оқушылар сарайы ұжымына ата-аналардың да ризашылығы ерекше. Оқушылар сарайының басшысы Айгүл Болатбекқызы бастаған Б. Бектаев, Р. Усентаева, М. Джанқадырова, Т. Қажығали, А. Кадир, А. Мырзахан, А. Баймуканова, А. Шагарова, М. Сегизбаева, С. Садыкова, А. Оразахунова, Г. Ян-Ти-Фа, С. Сейтимова, А. Малимова, Ж. Абдипатта, А. Рысхан, Р. Шамгунова, С. Баешова, Р. Болатова, С. Мусрепова, Р. Игембердиев, К. Абирова, К.  Тургамбаева, Д. Махмутова, А. Касаинова, А. Омаркулова, Д. Ахметкалиева, О. Бороненко, Е. Зуева сынды бала жүрегіне жол тапқан, нағыз өз саласының майталмандары қиын кезеңнен де жол тауып отыр.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close