Оқушылар сарайында IT сыныбы ашылды

Рая ЕСКЕНДІР

 

Қала­мыздағы мектеп оқушыларының сүйікті мекені болып отырған Оқушылар сара­йында «Нұр Отан» партиясы мен қалалық Білім басқармасының қолдауымен ІТ сыныбы ашылды.

Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық саяси бөлімінің меңгерушісі, баспасөз хатшысы Қайым­мұнар Табей осынау жиында сөз кезегін алып, ашылып отырған ІТ сыныбының маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінде еліміз бойынша ІТ техно­логияны дамыту қызу қолға алынып отыр. Барлық жұмыстың табысты жүзеге асуы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ла­масының жемісі екендігі белгілі. Міне, соның бір көрінісі «Союшинс» ЖШС қолдауымен ашылып отырған бүгінгі ІТ сыныбы. Бұл ретте жеке кәсіпкерлерді қолдай отырып, мемлекеттік тапсыр­маны да орындап отырмыз. Жылдың соңына дейін әлі де осындай 9 сынып ашылатын болады, – деді.

Жақында ғана Алматыдағы Жамбыл атындағы мемлекеттік жасөспірімдер кітап­ханасында да Білім орталығы ашылған еді. Онда ой-өрісіңді дамыту үшін барлық жағдай жасалған «Мобильді кітапхана» интерак­тивті оқу залы жұмыс істейді. Ашы­лып отырған ІТ сыныбы талай бала­ның компьютерлік білімін тереңдетіп, олардың ой-өрістерін дамытатын болады.

Келесі кезекте «Союшинс» ЖШС бас­шысы Василий Печенников, ІТ сыныбы­ның жетекшісі Андрей Дупик сөз алды. Арнаулы мамандар робототехника бойын­ша шеберлік сабақтарын жүргізді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *