Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтеді

Halyk Arena көпсалалы спорт кешенінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен кездесуі өтуде.

Алқалы жиында қаланың экономикалық-даму көрсеткіші жайында слайд көрсетіліп, одан кейін қала басшысы тұрғындардың сауалына жауап беруге кірісті.

Тұрғындарды қала тірлігінің бей-жай қалдырмайтынын сұрақтардың толассыз қойылуынан байқауға болады. Қала басшысы барлық сауалдарға жауап бере отырып, аудан әкімдеріне тапсырма беріп отырды. Әлеуметтік саланы қамтитын сұрақтар қатарында қаламызға жаңа қосылған Наурызбай ауданында халық санынының артуына байланысты балаларға арналған Оқушылар үйінің жоқтығы айтылды.

Қала әкімі аталған ауданда биылғы жылы жаңа үлгідегі Оқушылар үйі салынатын жер белгіленіп, жоба жасалғанын айтып өтті. Оқушылар үйі биылғы жылы құрылыс жұмысын бастайтын болады.

Шаһар басшысы сондай-ақ, биылғы жылы шаһарымыздағы негізі 1983 жылы қаланған Республикалық Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтетінін айтып өтті. Оқушылар сарайын жөндеуден өткізгенде тұрғындармен ақылдаса отырып, қандай үйірмелер ашылып, қандай құрал-жабдықтармен қамтылатыны шешілетін болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *