Оқушылар берген ауызашар

Рамазан – жәй уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын қайырым мен мейірім айы. Отыз күн ораза ұстап, пенделік жаман қылықтардан арылып, рухани тазарып, нәпсіге тойтарыс беретін қасиетті де қадірлі айдың жақсылығы шаш-етектен емес пе? Бұл айда жақсылық көрген жетім-жесірлердің жүзі жадырап, арқа-бастары бір кеңейіп қалады. Осы қасиетті Рамазан айында ораза ұстап, ауыз бекітіп, Алладан дұға-тілектерін тілеп жүрген шәкірттеріміз қаншама?!

Біздің №122 жалпы білім беретін мектептің 11 «а» сынып оқушылары мектебіміздің 4-сынып оқушысына қайырымдылық жасап, мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарын, сөмкесін алып берді. Баланың қолына тәтті-дәмдісін алып жесін, керек-жарағына жаратсын деп, азын-аулақ тиын-тебенін де ұстатты. Сол кезде екі беті алабұртып, қуаныштан екі көзі шоқтай жанған балапанның қуанышында шек болмады. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөзді кішкентайларынан бойына сіңіріп өскен оқушыларыма қатты риза болдым. «Қолы ашықтың жолы ашық» демей ме, атам қазақ.

Мектеп тарихында бірінші рет ауызашар беріп, қаншама адамның алғысына ие болып, сауап жинаған оқу­шыларым мен олардың ата-аналарына: «істеген жақсылықтарыңыз «Алладан қайтсын!» дегім келеді. Осындай игі істер, жақсы амалдар жиі болса екен деп ойлаймын…

 

М.БОРАНҚҰЛОВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 11-сынып жетекшісі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *