ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ЖАҢАРТУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Жаhандық бәсекелестік жағ­дайда біздің еліміз де басқа өрке­ниетті елдер сияқты иннова­циялық дамудың технологиялық және әлеуметтік жаңалықтарға сүйенеті­ні мәлім. Қазіргі нарық­тық қоғам­ның осындай тың талап­тарына мектебіміздің оқу- тәрбие жұмы­сын инновациялық даму бағытында жаңарту мәсе­лесі бізді көп ойлан­дырды. Ғалымдар мен әдіскерлердің жаhаншылық ізденістерін тал­дап, профессор М.Құдай­құ­ловтың басшылығымен жылдан бері жүргізіліп келе жатқан нарықтық оқыту проблемасын таңдап алуды мақұл көрдік. Бірлесіп талқылау­дың нәтиже­сінде оқыту бірнеше инновация­лық бағыттарын айқын­дауға мүмкіндік туды. Оларды бірік­тіріп, «Білім экономикасы деңгейінде мектептің оқу-тәрбие үдерісін жаңартудың техноло­гиясы» деген ғылыми әдістемелік жоба жасап, оны бірте-бірте іске асырып келеміз. Оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру қай қоғамдық – экономикалық формацияда болса да қоғамның базистік негі­зін нығайтуға ықпал жасап кел­гені мәлім. Осыған орай, оқы­тудың инновациялық әдістерін сабақ өткізуге  ендірдік. Ол үшін нарықтық педагогика қағидала­рына сүйеніп, нарықтық сабақ­тарды өткізуге кірістік. Алдымен, оқыту үдерісін нарықтық дең­гейге көтеру қажеттігін, нарық­тық сабақтардың әдісте­месін түсін­діруге арналған мұғалім­дердің әдістемелік семи­нарларын өткіз­дік. Бірнеше пәндер бойынша нарық­тық мазмұндағы ашық сабақтар ұйымдасты­рылып, мұға­лімдерге тиісті кеңестер беріл­ді.  Соның  нәти­жесінде мек­тептің шығарма­шыл  ұстаз­да­рының  іс-тәжірибесін жинақ­тай келе мекте­біміздің оқу ісі жөніндегі орын­басары Р.За­кирья­нова, профессор М.Ә.Құ­дай­­құ­лов, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Най­манбае­ваның құ­расты­руымен «Мұға­лім­нің бәсеке­лестік  қабілетін көтерудің  көрініс­тері» атты кітап жарыққа шықты.

 

Н.НАЙМАНБАЕВА,                                                                  

№200 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Наурызбай ауданы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *