ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ ӨРІК ГҮЛДЕЙ БАСТАДЫ

Өздеріңізге белгілі, еліміздің солтүстік бөлігін ақ қар құрсап жатқанда, жайма-шуақ оңтүстік өңірлерде күн жылынып, өрік ағаштары гүлдей бастады.

Жылдағыдай елімізде көктем белгісі алғаш білінетін Жамбыл және Түркістан облыстарының оңтүстік бөлігінде осы наурыз айының орта шенінде-ақ ағаштар бүршік  жарып, өріктер гүлдей бастаған. Одан қалды, адамдар да жылы киімдерін тастап, жеңіл киімге ауысып жатыр.

Әрине, көп күттірген көктемнің мұндай белгілеріне көпшілік жергілікті жұрт шаттана қуанып жатыр. Дегенмен де, олардың арасында аяқ астынан суық түсіп, жаңа шыға бастаған көкөністер үсіп қала ма деп қауіптеніп отырғандар да жоқ емес. Өйткені, соңғы кезде біздің өңірде де ауа райына сенім болмай барады. Мысалы, бір жылдары осы аудандарда ауа райы кенет­тен суытып, жер бетінде жаңа көріне бастаған бақша өнімдерінің біразы үсік шалған болатын.

Міне, содан секем алып қалған шаруа халық  күн райына күдікпен қарап отыр. Бірақ ауа райын болжаушылар  «енді үсік­тен қорқуға негіз жоқ» дей келіп, алдағы күндері ауа температурасы 20–25 градусқа дейін жылынатынын айтады. Ал осыған байланысты ауа райын болжаушы инже­нер-синоптик  Салтанат Қоныс «Қазір алдымыздағы аптада жауын-шашын­сыз күндер күтілуде. Тіпті, қазіргі таңда Алма­ты айналасында ауа температу­расы бірша­ма салқындап, күндіз 18–20 градусқа дейін жылиды деп күтіп отырмыз. Сәйкесінше, күндізгі уақытта біздің аймақ­та күн райы (он бес-он сегіз) градусқа  дейін ысуы ықтимал деп болжануда» деді.

 

Дайындаған – Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *