Оңтүстік астанада «Алматы марафоны» аясында Қысқы жүгіру өтеді

23 ақпанда Алматыда Қысқы жүгіру өтеді. Марафонға шамамен 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жүгірудің бағыты әл-Фараби даңғылы бойымен белгіленген. Осыған орай жолдар таңғы 8.30-дан 11.30-ға дейін жабылады.

Марафон әл-Фараби даңғылы бойымен Гагарин көшесінің қиылысында бұрылу арқылы өтеді. Басталу орны мен мәре әл-Фараби даңғылы бойындағы «Нұрлы-Тау» Бизнес орталығының көлік қою аумағында. Жүгірудің толық бағыты «Алматы марафон» сайтында орналасқан.

Жарыстар мынадай қашықтықтарда өтеді:

– 3 шақырым (10–14 жастағы қатысушылар үшін);

– 10 шақырым (15 жастан асқан қатысушылар үшін);

– 7 шақырым Скандинавиялық жүріс.

Абсолюттік сынақтағы және 10 шақырым қашықтықтағы жеңім­паздар  өзара 200 000 теңге ақшалай жүлдесін бөліседі. Ал өз жас санаттарында бірінші үш орынды иеленетін жүгірушілер медальдар мен серіктестерімізден бағалы сыйлықтар алады. Мәре сызығын кесіп өткен әрбір қатысушы естелік медаль алады. 1 ақпаннан ашық жаттығулар басталды. Енді жылдың басты жүгіру сөресі – «Алматы марафонына» кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен 3 есе жиі дайындала аласыз.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close