О несі екен?..

Өмірінде 20 жыл ішінде Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху тұңғыш рет Киевке сапаршылады. Ұшақ жерге қонбай жатып шатақ басталып кеткен тәрізді. Бұл кісінің нақсүйері Сара ханым ұшаққа отырарда «Эль-Аль» авиакомпания­сының ұшқышы айрықша ізет білдірмеді деп әлек салыпты. Мұнымен қоймай, ашулы апай экипаж капитанының кабинасына баруға әрекет жасаған. Шамасы ол кісі этика, әдеп мәселесі жөнінде дәріс оқымақшы болған. Өкінішке орай, оның жолы бөгелген.

 

Алайда, журналистер Сара ханым ұшқыштың ілтипатына мән бермей, естімей қалуы да мүмкін ғой деген сенімде. Дейтұрғанмен де, әуе кемесінің капитаны ұшақ ұшуға беттеген кезде салонға шығып былай деген екен.

«Үкімет басшысы және ол кісінің зайыбы Сара Нетаньяху ханымға сәтті сапар тілейміз».

Байқасаңыз, ол кісі премьердің атын атамаған. Үкімет протоколының қызмет­керлері «әңгіме түсінбестік жөнінде болып отыр, мәселе қалыпқа түсті» деп баспасөз өкілдерін тыныштандырды.

Мәселе осымен тоқтаса жақсы. Қызық Киевке келгенде одан әрі жалғасты. Ерлі-зайыптыларды үш украин аруы нан-тұзбен траптан күтіп алады. Премьер нанды алып, тұзға батырып дәм татып, ырымын жасайды да, оны сүйіктісіне береді. Бірақ нан оның қолынан түсіп кеткені не өзі тастап жібергені де түсініксіз болып қалды. «Комсомолканың» жазуынша, («Киевтегі жанжал: Нетаньяхудың әйелі украин нан-тұзын лақтырып жіберді». 22.08.2019) Украина нан дипломатиясы сәтсіз аяқталыпты.

Одан әрі «Комосмолканың» тілшілері, бұл олардың ресми сапарының басы ғана. Енді мынаған қараңыз. Нетаньяху тобын президент Зеленский Бандер даңғылымен алып жүргенде ол не дер екен? Бәлкім, әлгі жеген нан-тұзы тамағында тұрып қалмас па екен деп қағытады.

 

Қ.ДҮЙСЕН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *