ҚОҒАМНЫҢ ҮНІ МЕН ТЫНЫСЫ

С.КАНКУРОВ,

«Нұр Отан» партиясы

Алматы қалалық филиалы

төрағасының

бірінші орынбасары,

Алматы қалалық мәслихатының депутаты:

— Қазақ баспасөзінің үздік сардары, ақпарат айдынында өзіндік үні мен қолтаңбасы қалыптасқан «Алматы ақшамы» газетінің 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерейтой газет ұжымының ғана емес, «Алматы ақшамын» сүйіп оқитын мыңдаған оқырмандардың ортақ мерекесі. Қалалық басылымның алтын шежіресі – бүгінде өсіп-өркендеген, жаңарып, жасарған әсем шаһарымыздың да тарихы болып табылады. Халықтың сөзін сөйлеп, жоғын түгендеп, барын еселеген еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысының бірі болып келеді.

«Алматы ақшамы» газетінің беттерінде Елбасының бастамасымен қабылданған мемлекеттік маңызы зор бағдарламалар мен әлеуметтік тапсырмалардың орындалу барысы, «Рухани жаңғыру» аясындағы қол жеткен белестер, Алматы тарихы туралы, белгілі тұлғалар жайлы қызықты деректер мен очерктер, сұхбаттар үзбей жарияланып тұрады.

Отыз жылдың ішінде газеттің сыртқы келбеті мен тілшілер буыны ауысқанымен, ондағы жарияланған материалдардың өзектілігі, оқырмандарына деген шынайы адалдығы, жаңалықтарды жеткізу батылдығы мен жаңашылдығы жыл өткен сайын өткірлене түсуде.

Еліміз бен қаламыздың қарыштап дамуын үзбей насихаттап, қоғамдық-саяси және демократиялық үрдістерді әділ көрсете білетін шынайылығымен айқындалған «Алматы ақшамын» «нұротандықтар» да ерекше қадірлейді. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен газеттің өзара рухани байланысы уақыт өткен сайын нығайып, дамып келеді. Бұл бағыттағы ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенеміз.

Партия қалалық филиалындағы әріптестер атынан «Алматы ақшамы» газетінің ұжымына жаңа шығарма­шылық табыстар мен биік белестер тілеймін!

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *