Қоғамды тазалыққа, рухани дамуға үндейді

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы соңғы уақытта көп айтылып, жиі талда­нып жүрген тақырып. Бүгінде елімізде аталмыш жобаның міндет­терін жүзеге асыру бойын­ша түрлі жиындар мен өте көп шаралар ұйымдастырады. Осы тұста мән беріп, зер салатын бір жайтты атап өту керек. «Рухани жаң­ғыру» – бұл жай ғана мақала емес, бүтін бір халыққа жарқын бола­шақ­тың кілтін ұсынған ең маңызды жоба. Мәселен, бұға­насы енді ғана қата­йып келе жатқан бала ересек­тердің бағытты көрсетіп, тәрбие беруіне қанша­лықты зәру болса, халық та дәл сондай. Бүгінгі ұрпақ тәрбиесі – елдің ертеңгі дәрежесін, әлемдегі орнын анық­тайтын маңызды фактор.

Бүгінде, техника қарыштап дамыған заманда, күнделікті күйбең тірлікпен өмірдің қалай өтіп жатқанын байқамай жүрген жұрт рухани дүниесін байытып, үнемі алға қарай қадам жасап отыруы шарт.

Елбасы «Рухани жаңғыру» мақаласын халыққа ұсына оты­рып, оларды айқын келешек пен жарқын болашаққа жетелейтін нақты қадам­дарды түсіндіріп берді. Бұл өз кезе­гінде ел ертеңіне алаңдайтын кемең­гер көшбасшы­ның халыққа барын­ша қарапа­йым жолмен жет­кізген тілегі деуге болады. Ондағы әрбір бағыттың мағынасы терең, күрделі мәселе­лерді шешетін түсі­нікті жол.

Президент өз мақаласында алты басым бағытты ұсынған. Олардың әрқайсысы қаншалықты маңызды екенін талдап көрейік.

 

Бәсекелік қабілет. Мұнда Елбасы Қазақстанды алға сүйрей­тін ұрпақ тәрбиелеу үшін олар бірнеше тілді үйреніп, озық технолияларды еркін меңгеруі керек дейді. Шын мәнісінде, ұлан-ғайыр даласы бар, байлығы асып-тасыған елімізді бар әлемге таны­ту үшін, азаматтарымыз алғыр, сауаты жоғары  болуы маңыз­­ды. Бұл орайда  «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамда­рының бәсекелік қабілетімен айқындалады» деген сөздердің мәні тереңде.

 

Прагматизм. Басқаша айт­қан­да, «әр нәрсені ұтымды пайдалану» да ұрпағымыздың таршылық көрмей, дені сау өмір сүруіне бірден-бір кепіл. Бұл тұста Елбасы барша қазақ­стан­дықтар­ды Отанымыздың әрбір қарыс жерін жақсы көріп, оған асқан қамқорлық танытуымыз маңызды дейді.

Бүгінде медицина ғылымы қаншалықты жылдам дамыса да, аурудың түрі адамнан көбейіп, мамандар оның әрқайсысын зерттеп білуге үлгермей келеді. Алайда, бір түсініктісі, сол дерттің барлығы – экологияның бұзылып, табиғат ананы ластаудан пайда болып жатыр.

Елбасы айтқандай, ысырап­шылдық пен астамшылыққа, даңғой­лық пен кердеңдікке жол бермей, керісінше, ұстамдылық, қанағат­шылдық пен қарапайым­дылық, үнемшілдік пен әрбір табиғат­ асыл­дарын орынды пайдалана білсек, бұл асқан көргенділікті көрсетеді.

 

Ұлттық бірегейлікті сақтау. «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тілі­міз бен музыкамыз, әдебиеті­міз, жорал­ғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойы­мызда мәңгі қалуға тиіс» деген Елбасы ұрпақтың санасына ұлт­тық тәрбиені сіңірудің маңызды­лығын болжады.

Қашан да қазақ қызы ұяңды­ғымен, сыпайылығымен, еңбек­қор­лығымен ерекшеленген. Ал азамат­тар намысты, адамгершілік қасиетті бәрінен жоғары санай­тын.

Қазақтың қайсыбір дастаны болмасын, салты мен дінінде де қоғамды тазалыққа, рухани даму­ға үндейді. Оны біліп, санасына сіңіріп өскен адамнан жамандық шығуы әсте, мүмкін емес.

 

Білімнің салтанат құруы. Иә, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табыс­қа жетеді. Санасы ояу, көзі ашық адам әр нәрсенің парқына жетіп, оған дұрыс көқараспен қарай алады. Арандатушының айт­қанына еріп, елде бүлік шыға­ру да – қараң­ғылықтың, тереңінен ойланбаудың кесірінен болады.

 

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.  Тарих­тың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбы­лыстардан ой түйіп, бола­шақтың беталысына қарап, пайым жасай білу де айрықша маңызды.

 

Сананың ашықтығы. Жоға­рыда атап өткендей, саналылық немесе білімді болу  еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүм­кіндік береді.  Әрбір тіл білетін, көзі ашық адам өзгелердің тәжірибесінен сабақ ала отырып, әрмен қарай қалай әрекет ету керектігін ұғына алады.

 

Шолпан СҰЛТАНБЕКҚЫЗЫ,

Алматы қаласы бойынша

Қазынашылық департаментінің

бас маман-бас қазынашысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *