Қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту маңызы тұр

Қалалық әкімдіктің мәжіліс залында шаһар басшысының орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қалалық штабтың отырысы өтті. Кеңестің жұмысына қоғамдық денсаулық басқармасының, қалалық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.
Алқалы жиында 2019 жылы болған жалпы өлім-жітімнің мәселелері, медициналық ұйым басшыларының негізгі көрсеткіштерінің (КРІ) жетістіктері талқыланып, тексеру комиссиясының медициналық ұйымдарды тексеру нәтижелері тыңдалды.
Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Әбілдаев мәлімдегендей, қаладағы өлім-жітімнің негізгі себептері болып қан айналымы жүйесі мен онкологиялық аурулар, сондай-ақ жазатайым оқиғалар, түрлі жарақаттар мен улану болып табылады.
«Жалпы өлім-жітімді төмендету мақсатында кешенді іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Алғашқы буындағы медициналық ұйымдардың жұмысына бақылауды күшейтіп, соның ішінде диспансерлік есепте тұрған пациенттерді бақылауды қолға алу маңызы тұр», – деді Ержан Бабақұмаров.
Жиын соңында қоғамдық денсаулық басқармасына өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетіп, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ тексеру комиссиясының аудиторлық тексеруімен анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыс тобын құру тапсырылды. Бұдан өзге қала әкімнің орынбасары KPI индикаторына сәйкес келмеген басшыларға шара қабылдауды, сондай-ақ келіп түскен ұсыныстарға сәйкес қызметтің тиімділігін бағалау әдістемесін жетілдіруді тапсырды.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *