ҚОҒАМҒА ИНТЕЛЛЕКТУАЛДАР КЕРЕК

Өткен аптада «Алматы ақша­­мы» газетінің ұжымы ҚР Пар­ламенті Сенатының депу­таттары Төлеубек Мұқашев және Динар Нөкетаевамен кездескен еді. («Ба­сылымнан рух лебі еседі», «Ал­маты ақшамы», №98,30 тамыз).

Жиынды басылымның Ди­рек­торы – Бас редакторы Қали Сәр­сенбай сөз сөйлеп ашып, жүргізіп отырды.  Аманат арқа­лаған Се­нат депутаттары мен «алтын арқа­лап, жантақ жеген» журна­листер қауымының кез­десуі ресми регламент шеңбе­рінде емес, емен-жарқын әңгі­ме фор­масында өтті. Басқо­суда депу­тат­тар бұл сапарла­рының мақ­саты жайлы сөз сабақтап, атқар­ған жұмыста­рына қысқаша шолу жасады.

– Рухани жаңғыру, шын мәнін­де, осындай рухани орта­дан бас­талса керек. 30 жылға жуық та­рихы бар қалалық «Алматы ақша­мы» газеті – қа­сиетті ша­ңырақ қой. Қызме­тіміз Астанада болға­нымен, бұл газеттің тұрақ­ты оқыр­манымыз. Газеттің әр саны­нан Алматының тыныс-тір­шілігі мен жаңалықтарынан хабар­­дар боламыз. Түрлі мақа­лаларды, тал­дауларды жібермей қадаға­лап отырамыз. Келешек үшін жа­сап жатқан еңбектеріңіз орасан зор, –  деген депутат Тө­леубек Мұ­қашев газет ұжымын 30 жыл­дық мерей­тойы­мен құт­тықтады.

Ақпарат құралдарының қазір­гі қоғамда үлкен маңызға ие екендігін айтқан Сенат депутаты Динар Нөкетаева:

– «Мың жасаған шаһардың шамшырағы – «Алматы ақша­мы» газеті  ақпарат айдынында өзін­­дік орнын тауып, қазіргі таңда зия­лы да ұлтжанды азамат­тардың, қарапайым қала тұрғын­дарының рухани-мәде­ни серігіне айнала білді. Шы­ғармашылық деңгейін үнемі ұштап отыратын басылым өзінің 30 жылдық ме­рейтойын лайықты биігінде қарсы алып отырғанына сенімдімін», – деді. 

Мәншүк БЕКБОСЫН

Рухани жаңғыру үздіксіз жүріп жатуы керек

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өрбіген кездесуде депутаттар мен журналистер ашық пікір алмасты. Бірқатар мәселелер кең көлемде талқы­ланды. Соның бірі — еліміздегі жүргі­зіліп жатқан реформаларға сәйкес әйел­дер­дің зейнет жасына шығу мәселесі.

«Әйелдердің зейнет жасы 63 жасқа дейін ұзартылды. Осы жасқа дейін олардың қандай жұмыс істеп, қандай жағдайда өмір сүргендігін үкімет білмей отыр ма? Сондықтан мәселенің мәнісіне бармай заңға жаңа өзгерістер енгізу қаншалықты дұрыс? Билікте жүріп, зейнет жасына келіп, рахат өмірден бас тартқысы келмеген депутат ханымдар мен әкім апалардың ұсынысына сәйкес жасалып отырған жоқ па? Гендерлік саясат деп қарапайым қара жұмыс істеп жүрген әйел адамдарды өмірінің соңына дейін жұмысқа жегіп қою әділетсіздік емес пе?» деген сауал қойылды депутаттарға.

– Ауыр жұмыс атқарып, белі жазылмай, тауқымет көретін әйелдер үшін зейнетке шығудың ма¬ңызы өте жоғары, әрине. Ауылдағы әйелдердің күнделікті жұмыстарына қоса үйдегі тұрмыстық қиындықтар, от жағу, су тасу, мал-жанды бағу сынды мойын­дарындағы көп тауқымет оларды зейнет жасына тезірек жетуге асықтырады. Қалада да денсаулыққа қатері мол өнеркәсіп орындарында немесе беттерін күн мен жел қағып далада жұмыс атқа­ратын, жүк көтеріп, базарға шығып, отбасыма таршылық көрсет­пеймін деп белін бекем буған әйел қаншама?.. Тіптен, ер адамның білек күшін қажет ететіндей де ауыр жұмыс­тарды істейтін әйелдер де бар. Әйел затын қанша шыдамды, өмір қиындығына бейім десең де, әйелдің аты – әйел ғой, – деп құптады Динар Нөкетаева.

Дегенмен, депутаттың айтуынша, елімізде алпыстан асса да, жұмыс істеп нәпақа тауып отырған зейнеткерлердің саны жылдан-жылға артып келеді екен.

–       58 жаста зейнетке шығуды ерте санайтын әйелдер де бар. Мәселен, қалада тұрып, өмір бойы ауыр жұмыс атқармаған, негізінен ой еңбегімен шұғыл­данған әйелдер зейнеткерлік жасына шаршамай жетеді. Мысалы, мұғалімдер, профессорлар. Олар бойына жиған мол тәжірибесі, білімі мен білі­гін, әлі де қоғамға пайдамызды тигізсек, жастармен бөліссек деп ойлайды. Өз мамандығына қатты берілген жандар. Тіпті, зейнет жасына шықса да, осы салада еңбек ете бергісі келеді. Кейбір азаматтар зейнеткерлер отбасында отыра бермей ме деген пиғылдарын айтып қалады. Бірақ бойында қайраты бар кезде елге қызмет еткеннен артық қандай бақыт бар, – деп жалғастырды сөзін депутат.

Айтуынша, қазіргі таңда республи­камыз бойынша неше жүз мың зейнет­керлер бар. Олардағы мол тәжірибе мен өмірден түйген, көрген-білгендерінің өзі бүгінгі ұрпақ үшін  өнегелі өмір тәжірибелерін  кеңінен насихаттау, оларды жастар мен балаларға өнеге етіп көрсете білу, өмірден алған тағылым­дарын жас ұрпақтың бойларына сіңіре білу аса қажет.

–       Бұл ретте әйелдердің зейнетке шығу жасын ерлермен теңестіруде өзгеше өлшемдердің қажеттігі айқын екендігін айтқан Төлеубек Мұқашев «неліктен зейнет жасына дифферен­циалды тұрғыдан келмеске» деген пікір айтты.

–       Біреу үшін зейнеткерлікке жету зерігудің басы болса, енді біреу үшін зарыға жететін асыл күн. Сондықтан әйел­дердің зейнет жасының шегін анықтауда мамандығын, жұмысының зияндылығын, денсаулығына тигізер әсерін тағы да толып жатқан өлшем­дермен айқындап, зерттеу керек сияқты, – деді Т.Мұқашев.

Басылым басшысы Қали Сәрсенбай  мырза «ХХІ ғасыр – білім мен интеллект ғасыры» екенін тілге тиек етті.

–       Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев интеллектуалды ұлт туралы көп айтады. Қазір қоғамға интеллектуалдар керек. Интеллекті мықты мемлекеттің «имму­нитеті» де жоғары болары сөзсіз, – деді ол.

Құр білімді болып қою аздық етеді деген Төлеубек Мұқашев адамның рухани байлығы да сонымен тең түсуі тиіс дегенді алға тартты.

–       Біз білетін баладан бұрын сол білгенін тәжірибе жүзінде көрсете алатын, қолынан іс келетін баланы тәрбиелеуге тиіспіз. Қазір жас мамандар берілген тапсырманы тез арада бітіріп тастауға тырысады. Бұл да керек шығар. Бірақ бізге соны әрі қарай шығарма­шылық тұрғыдан жетілдіретін, рухани көзқарас қалыптастыруға қабілетті мамандар жетіспейді, – деді ол.

Қазір қалтасында бірнеше дипломы бар адам көп. Бірақ ол ештеңені білдір­мейді. Бұрынғы заманның ақын-жазу­шылары, сал-серілері жазу-сызу білме­се де, қос-қостан дипломы, универ­ситеттік, академиялық білімі болмаса да, қандай рухани бай адамдар еді!

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН ДЕПУТАТТАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Мектеп оқушыларына үш тілде білім беру мәселесі қоғамда аз талқыланып жатқан жоқ. Бұл ретте депутаттармен болған кездесуде «үш тұғырлы тіл», білім төңірегінде де біраз әңгімелер айтылды. «Бала қай тілде білім алса, сол ұлтқа, сол мемлекетке сол тілде қызмет етеді» деген сөз бар. Әлемдік тәжі­рибеде бар, 12 жасқа дейінгі баланың ойлау қабілеті бір тілде дамуы шарт. 7 сыныптан кейін ғана басқа тілді оқытуға болады. Тіл – тек қатынас құралы емес. Бұл – ұлтты, мемлекетті қалыптасты­рушы құрал. Ал мектеп – тек білім беретін орталық емес. Азаматты қалыптастыратын, оның ұлттық сана-сезімін оятатын орталық.

–       Бұл жөнінде Елбасының мақала­сында да айтылған. Ең алдымен, рухани жаңғыру үшін ұлт ретінде өзіміздің бет-бейнемізді, әлем алдындағы өзімізге тән кескін-келбетімізді, ұлттық болмы­сы­мызды сақтаймыз десек, дүниеге келген әр баланы бесікке салғаннан бастап, бүкіл тәрбие мен білім беру жүйесі арқылы қазаққа тән білім мен қазаққа тән тәрбиені оның санасына мықтап сіңіруіміз керек. Сонда ғана біз ұлт болып рухани жаңғыра аламыз. Жалпы, неше тіл білсең де артық емес. Дегенмен, бастауыш  сыныптарда баланы ана тілінде оқытқан жөн. Осы сыныптарда баланың ақыл-ойы мен дүние-танымының негізі қаланады, – деп сабақтады ойын Төлеубек Мұқашев.

–       Қазір бәрі бала-шағасын қазақ мектебіне апарады. Демек, ана тілінде білім алатын жас өркеннің болашағы мол. Бұрынғыдай «қазақ мектебінде білім жоқ. Беріп қажет емес» деген бос, сандырақ әңгімелер айтылмайды. Бала­ны қазақ мектебіне жетелеп барумен іс бітпейді. Ең бірінші, баланың санасына ана тілінің құдіретін құюымыз керек, – дейді Д.Нөкетаева.

Қазақ тілі мәселесін көтеру еш тоқ­тамауы тиіс деп есептейтін газет тілші­лері   депутаттарға «Елбасымыз қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ерекше назар аудару керектігін үнемі айтып отырады. Әсіресе, Парламент пен Үкімет жиыны тек қана қазақ тілінде жүргізілсін деп айтқан еді. Сондықтан бұл сөздердің барлығы басқа-басқа емес, ең алдымен лауазымды, жауапты қызметте жүрген азаматтарға қатысты болуы керек. Бұған не дейсіздер?» деген ортақ сауал тастаған еді.

–       Мемлекеттік тілдің мұңын мұң­дап, қазақша сөйлейтін депутаттар көбейіп келеді. Парламенттік отырыс­тарда, қайда жүрсек те  қазақша білу барлық азаматтың міндеті екенін ескертуден шаршамаймыз. Парламентте де өмірі қазақша сөйлемегендер қазір қазақша тіл сындыруға көшті. Әлбетте, бірден қазақша сайрап кету мүмкін емес. Оған араласатын орта мен уақыт керек. Бірақ қазір қазақша білетіні де, білмейтіні де орысша жорғалататын әдет азайды. Меніңше, келешекте халық тек қазақша сөйлейтін болады. Қаласаң да, қаламасаң да, орта соған алып келеді, – деді Динар Нөкетаева.

 

ҚАЗІР АУЫЛДАН ЕРТЕГІШІ, ШЕЖІРЕШІ ҚАРТТАРДЫ ЕМГЕ ТАППАЙСЫҢ

–       Елбасының мақаласында «Туған жер» бағдарламасы туралы айтылады. Қазақ даласының әрбір өңірі киелі. Тіпті, әр өңірі емес, әр түйір тасы, әр тал шөбі киелі. Қазақ жерінің асты да, үсті де – қазақтың байлығы. Әркім­нің туған жері өзіне алтын бесік, өзіне киелі. Туған жер – туған үйдің табал­дырығынан басталады деген сөз рас екен. Мен ауылда өскен, ауылдың өмірімен біте қайнасқан адаммын, – деп бастады сөзін депутат Төлеубек Мұқа­шев.

«Ауылға жиі барамын. Ауылды сағынамын. Ауылға барсаң бәрі де көз алдыңа келеді. Кейінгі кезде ауыл туралы көп ойлайтын болдым. Бұрын ауыл тірлігі қара қазандай қайнап жататын еді ғой, шіркін! Қазір ше? Маған кейде сол ауылмен бірге тұтастай бір дәуір өтіп кеткен секілденіп тұрады. Қазір ауылдан ертегіші, шежіреші қарт­тарды емге таппайсың. Жуырда елге барғанда жұрт біртүрлі жетімсіреп тұр­ғандай көрінді маған. Бұрын ауыл адам­дары бір тарының қауызына сыйғандай еді. Қазір бірінің үстінен бірі арыз жазатындар көбейген.

Мен үшін ауыл деген ұғым – қазақ деген ұғымның баламасы. Ауыл  – ұлттың асыраушысы. Олай болса, ауылды сақтау үшін күрес – ұлтты сақтау үшін күрес дегенмен бірдей.

Елдегі береке мен бірлік сар­қылмасын. Бес күндік жалғанда туған жердің парқын білейік, – деді Т.Мұ­қашев.

 

АЛМАТЫДА 222 МЫҢ ЗЕЙНЕТКЕР ТҰРАДЫ

–       Бүгінде қай өңірге барсам да, мәуелі бәйтеректей болған шежірелі  қарттарды іздеп жан-жағыма жалтақ­тай­мын. Қазір шашына ақ кіріп, көп жасаған қариялар баршылық. Бірақ  орақ ауызды, шешен тілді ақсақалды көре алмай жүрмін. Қазіргі кезде адам­дарда бейнебір қарбаласу, жанталасу басымдырақ.

Жақында Алматыдағы қарттар үйінде болдым.  Қарттар үйінде 300-ден астам қарт мекен етеді екен. Зейнеткер­лердің қоғамдық өмірден оқшауланып қалуы елдегі барлық қариялардың ба­сын­дағы жағдай. Байқауымша, мұндағы қарттар­дың әлі де қоғамға берері бар, жас ұрпақ­қа өнеге бола алады.   Әлбетте, жандары жайсаң қарттардың тағдыры әрқилы. Дегенмен, олардың өмірден алған тәжірбиелері мол. Ертеңгі күнге деген сенімдері биік. Олар әрбір атқан таңға шүкіршілік айтып, айналасына жақсылық пен береке сыйлауға тыры­сады. Жасы алпыстың орта белінен асса да әлі мығым, өзін ширақ ұстайтын қарттар бар екен. Соларды ұйымдас­тырып, ауылдарға жіберсе деген ой келеді. Қазір ауылдағы адамдар ағаш отырғызып, бау-бақша егуден қалды. Үйінің іргесіндегі жер бос жатыр. Қол қусырып қарап отыруды жөн көрмейтін  қариялар бірлесіп ауыл­­дарға барып, бос жатқан жерді игеріп, бақша баптау ісіне кіріссе. Сөйтіп,  табиғи таза өнімнің қызығын да өздері көрер еді. Бұл ұсынысты ауыл­дағы адамдар да құптап отыр. «Еңкей­геннің еңсесін еңбек көтереді» демекші, ауыл халқының бау-бақша егіп, несі­бесін молайтуға ынтасы ауған. Қа­риялар да олай болса денеміздің,  бар­лығы қозғалып, әрі денсау­лыққа пайдалы болар еді деп отыр. Адам баласы еңбек етуі тиіс. Жұмыстан еш уақытта қол үзбеу керек, – дейді депу­тат Т.Мұқашев.

Алматыда 222 мың зейнеткер тұрады екен. Жасы келген адамдар зейнетақы­мен шектелмеуі тиіс. Олар өздерінің қоғамға қажет екенін сезінгені жөн. Бұл ретте Алматыда егде жастағы азамат­тарға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған меке­меде кітапхана, компьютер кабинеті, йога, аэробикамен айналысу үшін жабдықталған фитнес зал, кино көріп, концерт тамашалайтын, шахмат, тоғыз­құмалақ, домино ойнайтын, тоқыма тоқитын арнайы залдар бар. Жаңа орта­лық егде жастағы азаматтарды қолдау­ға, белсенді өмір сүруге жағдай жасауға арналған қалалық «Белсенді ұзақ өмір» жол картасының аясында ашылды. Алматыда егде жастағы жандардың саны қала тұрғындарының 12 пайызын құрайды. Белсенді ұзақ өмір орталы­ғында егде жастағы жандарға компью­терлік сауат ашу, смартфонмен жұмыс істеуді меңгеру, ағылшын тілі үйре­тіледі. Әлеуметтік-қоғамдық бірлестік­тердің мамандары апта сайын тегін құқықтық, психологиялық, медицина­лық кеңестер береді. Зейнеткерлерге мотивациялық семинарлар мен шебер­лік сыныптары ұйымдастыры­лады. Алдағы уақытта Ata-аpa.kz интернет порталы жұмыс істейтін болады. Мұнда егде жандар үшін қажет әлеуметтік және мемлекеттік бағдарламалар тура­лы ақпараттар, арнайы еңбек биржасы туралы мәліметтер беріледі.

 

ҰЛТТЫҚ КОД ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

– Бұл ұғымның ауқымы кең. Ұлттық код сонау ерте заманнан қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіліміз бен дініміз болса керек. Қанына сіңген қасиеттері арқылы адамның мәдениеті де, руханияты да, білімі де толыға түсе­ді. Сондықтан бізге мынау алма­ғайып заманда, жаһандану үдерісі кезінде сол құндылықтарымыздан қол үзіп қалмау аса маңызды, – дейді Т.Мұқашев.

Жалпы, рухани жаңғыру ұғымы – өзіміздің озық ұлттық дәстүрлерімізге бет бұрып, төл арнамызға – қазақтың өзіндік ұлттық даму жолына түсуі деп білемін. Ал рухани жаңғыру деген ол ұлттың мәдениеті, өнері, әдебиеті мен тарихы тұрғысынан жаңғыру деп түсінген дұрыс.

Біздің бірнеше ғасырлық тарихымыз бар.  Біз төл әдебиетіміз, айтыс, күй өнері сияқты әлемде теңдесі жоқ төлтума өнері бар, ұлттық музыкасы, ою-өрнегі бар халықпыз. Біз сол бай­лығымыздан нәр алып, ұлттымыздың өзіндік дара жолын сала отырып жаң­ғы­руымыз керек. Рухани жаңғыру осылай ғана болуы керек. Қазіргідей жаһандану заманында өзіміздің ұлт ретіндегі, қазақ ретіндегі бет-бейнемізді сақтай отырып та, бәсекеге қабілетті ел ретінде дамуымызға толық мүмкіндігіміз бар. Мысалы, жапондар технологиясы мен ғылымын қарқынды дамыта отырып та ұлттық дәстүрінен ажырамай, ұлттық сипатын сақтап келеді емес пе?!

Рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Оны бесжылдықтармен, онжыл­дықтармен өлшеу қиындау болар деп ойлаймын. Себебі, бұл рухани дүние. Ал рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Қазақ халқының рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, ғылымы өркендеп, мәдениеті мен дәстүрі үстем болып, мейірімді, адал, ақыл­ды, білімді, бауырмал, ұлтшыл, ел­шіл, кеңпейіл, отаншыл жандар қауы­мы қаумалаған қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміз­дің әр азаматы өзі-ақ жан-тәнімен сезінеді.

Алматыда 222 мың зейнеткер тұрады екен. Жасы келген адамдар зейнетақы­мен шектелмеуі тиіс. Олар өздерінің қоғамға қажет екенін сезінгені жөн. Бұл ретте Алматыда егде жастағы азамат­тарға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған меке­меде кітапхана, компьютер кабинеті, йога, аэробикамен айналысу үшін жабдықталған фитнес зал, кино көріп, концерт тамашалайтын, шахмат, тоғыз­құмалақ, домино ойнайтын, тоқыма тоқитын арнайы залдар бар. Жаңа орта­лық егде жастағы азаматтарды қолдау­ға, белсенді өмір сүруге жағдай жасауға арналған қалалық «Белсенді ұзақ өмір» жол картасының аясында ашылды. Алматыда егде жастағы жандардың саны қала тұрғындарының 12 пайызын құрайды. Белсенді ұзақ өмір орталы­ғында егде жастағы жандарға компью­терлік сауат ашу, смартфонмен жұмыс істеуді меңгеру, ағылшын тілі үйре­тіледі. Әлеуметтік-қоғамдық бірлестік­тердің мамандары апта сайын тегін құқықтық, психологиялық, медицина­лық кеңестер береді. Зейнеткерлерге мотивациялық семинарлар мен шебер­лік сыныптары ұйымдастыры­лады.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *