ОҢАЛТУ орталығы ашылды

«Мейірім» – мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдайды

Түрксіб ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мейірім» оңалту орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына алматылық кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұйытқы болыпты. Ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке қаржысы есебінен 2 млрд. теңге инвестиция құйып, игі шараның жүзеге асуына себепкер болған.

Жаңа орталық церебралды пара­лич ауруына шалдыққан, ойлау қабілеті төмен, сондай-ақ Даун синдромымен ауыратын 3 пен 15 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған.

Мекеменің ерекшелігі сол, мұнда әр баланың оңалуына, тезірек сауығып, түзе­ліп кетуіне жекелеген әдіс-тәсілдер қолда­нылады. Балалар коррекциялық-даму сабақ­тарына қатысып, оларға психо­логиялық-педагогикалық көмек көрсе­тіледі, дене шынықтыру курстары, массаж, физиотерапия, әлеуметтік еңбек жағынан оңалу, музыка, көркем және ойын тера­пиясы жұмыс істейді.

«Мейірімнің» аумағында айрықша инклю­зивті балалар алаңы орна­ласқан. Мұнда олар түрлі жаттығулар жасап, өзде­рін тік және дене тепе-теңдігін ұстауға, жал­пы және шағын моториканы, күштерін, ептілігін, көру қабілеттерін, тактильді сезу мүше­лерін жетілдіреді. Бұдан өзге, балалар топпен ойнауға бейімделеді.

– Әлеуметтік қоғамның басты мақ­­саты – адамдарды жалғыз қалдырмау. Мем­лекет басшысы бұған айрықша назар аударуда. Осыған орай алматылық кәсіп­керлердің басым бөлігі «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында осы тектес әлеумет­тік бағдарламаларға қолдау білдіріп келеді. «Болашақ» қорының қам­қоршылар кеңесі­нің төрағасы ретінде айтарым, біз аутизм мәселесімен айналыстық. Жеке қаржы есебінен инклюзивті білімді дамыту үшін арнайы 20 кабинет ашылды. Соның жетеуі Алматыда орналасқан. Өз кезегінде қала­лық әкімдік тарапынан біз көшелерді абат­тандырып, барлық тұрғындар үшін қолай­лы жағдайлар жасаудамыз. Олардың ара­сынан сәбидің арбасын сүйреген аналарды, қарттарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды көруге болады, – деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

Соңғы үш жылдың ішінде  мега­полисте әлеуметтік саланы қаржы­ландыру 2,5 есеге өсті. Биылғы жылы тек мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға қала әкімдігі 7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлген.

Қазіргі кезде қалада 23 оңалту орта­лығы жұмыс істейді. Олардың тең жартысы жекеменшік. Өз кезегінде «Мейірім» орталығы 2007 жылы әкімдік уақытша пайдалануға берген №250 балабақша базасының негізінде ашылды.

Н.АСЫЛ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *