«ОҢАЙ» БАҚЫЛАУШЫСЫ МЕН КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛАР КӨП БОЛДЫ

Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері  «Жұмыс істеймін деген адамға Алматыда жұмыс жетеді» дегенді жиі айтқанмен, жұмыс іздеушілер үнемі  жұмыс жоқ дегенді тілге тиек етіп жатады. Ал Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету және  Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығы бірлесе өткізген «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін аралай жүріп,  орталық қызметкерлері айтса айтқандай-ақ,    шын ниетпен жұмыс іздеген  адамға жұмыс жеткілікті көрінді.

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Дәл осы Алатау ауданында өткен   күзгі «Бос жұмыс орындары» жәрмең­кесіне жұмыс ұсынып отырған мекеме­лердегі бос жұмыс орындарының ең­бек­ақы мөлшеріне қарасаңыз,   атқа­ратын  қызметі үшін  төленетін  еңбек­ақылары  жаман емес секілді. Қара­пайым деген «Оңай» бақылаушысының  ай сайынғы алатын айлығы  жоғары білімді дәрігерден  көп.  Университет бітірген  жас дәрігер 60 мың алса,  «Оңай» бақылаушыларының айлығы  жүз мыңнан  жоғары. Ал  кейбір қонақ үйлердегі  тазалаушы мен кір жуушы­ның айлығының өзі жаңа біз айтқан жас  дәрігер мен мұғалімнің айлығынан көп, 120-130 мың теңге. «Рахат» кондитерлік фабрикасының кәмпит қаптаушы­ларының да айлығы кәдімгідей әмияның толмаса да,  біраз күн тоқ жүруге жарай­тындай қаражат. Бірақ жұмыс іздеушілердің көбі әлгі жұмыстарға қызығушылық танытқандардан гөрі, «Оңай» бақылаушылары мен коллек­тор­лық, күзет қызметіне қызығушылар қатары  көп көрінді. Банк қызметкері болғысы келгендер де баршылық.  Жәр­меңкеге қала бойынша отыздан астам мекеме мен ұйым қатысып,  120-дан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Олар жұмыс ұсынып қана қоймай, қызметкерлерге қойылатын  кәсіби біліктілік талаптары  мен  жұмыс­шы­ларға көрсетілетін  әлеуметтік қолдау­лар туралы да айтып түсіндірді. Тіпті, кейбір мекемелер  мамандығы жоқ жұмысшыларды  оқытуға мүмкіндіктері барын  да айтып жатты.  Жұмыс жәр­мең­­­кесіне үміт артып келген жүзден астам жұмыссыздар  өздері қалаған кәсіпорындарға әңгімелесуге тіркеліп, түйіндеме толтырып, еңбек етуге деген ықыластарын танытты. Жәрмеңкені ұйымдастырушылар  жәрмеңкеге келу­ші­лерге тек жұмыс  ұсынып қана қоймай, 2017–2020 жылға бағытталған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын, кәсіптік оқыту бағдар­ла­маларын түсіндіріп, Алматы қаласын­дағы мекемелер мен ұйымдарға, құры­лым мекемелеріне  халыққа қызмет көрсету салаларына қандай маман­дықтар қажеттілігі  туралы ақпарат­тармен  де таныстырды.

– Алматыда жұмыс жоқ деген  адамдарды түсінбейміз. Жұмыс көп. Оны өздеріңіз де жәрмеңке барысында аңғарған боларсыздар. Кез-келген нәрсеге ықылас керек қой, меніңше, шын жаны қиналып, жұмыс іздеп жүр­ген адамдар болса,  олар еңбек­ақы­ның да мөлшеріне қарамас еді, біздің кейбір азаматтар еркін жүруге,  қолда­рына  күнделікті бір екі-үш мың ұстата­тын   жалдамалы жұмыстарға  дағдыла­нып қалған, болмаса, жұмыс  жеткі­лікті. Мәселен, Құрылыс компания­ла­рына құры­лысшы,  тас қалаушы,  әр­леу­ші,  жолаушылар тасымалдайтын меке­мелерге автобус жүргізушілер жетіс­пейді. Ал халыққа қызмет көрсету сала­сына қажетті қаншама қызмет түрлері бар. Өткізіліп отырған жәр­меңкенің басты мақсаты сол, өз кәсібін, еңбек жолын таппай жүрген азамат­тарға бағыт-бағдар беру, – дейді Алматы қа­лалық Жұмыспен қамту орталы­ғының тұрақты жұмыспен қамту бөлімі  бас­шысының міндетін атқарушы Ф.Сапаров.

Бос жұмыс орындарының күзгі жәр­меңкесіне келген  жұмыссыздар ұсы­нылған жұмыс орындары мен орта­лық қызметкерлері берген ақыл-кеңес­тен соң   еңбек етем деген   адамға жұ­мыс табылатындығына көздері жеткендей.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close