«Nur Otan» съезі Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бекітті

«Nur Otan» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, партия съезінің жұмысына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент палаталарының төрағалары Дариға Назарбаева мен Нұрлан Нығматулин,  Премьер-Министр Асқар Мамин, Үкімет мүшелері, депутаттар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, дипломатиялық корпус өкілдері, өңірлерден келген 627 делегат, жалпы 1500-ден астам адам қатысты.

Жиында Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат ретінде ұсынды.

Осы ретте ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатуға қалай дайындалғанын айтты.

— Мен саналы шешім жасадым. Ондай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Мен осы шешімге бірнеше жыл дайындалдым. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Серіктестерімнің кадрларына зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіреуіне сенім арттым. Сөйтіп, осындай шешімге келдім. Осы шешім дұрыс деп білемін. Қасым-Жомарт Тоқаевты президент ретінде сайлайық та, оған қолдау көрсетейік. Мен осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен — бақытты адаммын, бақытты саясаткермін, — деді Н.Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX съезінде.

Еске салсақ, 10 сәуірде Елбасы «Nur Otan»  партиясының кезектен тыс ХІХ съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.  Сол күні Нұрсұлтан Назарбаев партияның орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізді.

Inform.kz

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *