«Nur Otan» партиясының алматылық филиалы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткізуді жалғастыруда

«Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалына аз қамтылған отбасылардан бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде көптеген өтініштер түсіп жатыр.
Осы орайда, бүгін партияның алматылық филиалы «Metall Prom» ЖШС бас директоры, партия мүшесі Абдухалил Долкунтаймен бірлесе отырып, Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жалғасып келе жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында 1700 аз қамтылған отбасына 51 тонна азық-түлік жеткізуді жоспарлап отыр. Әр отбасына табысталатын 30 келілік жиынтықтықтың құрамында ұн, макарон, сұйық май, күріш, қарақұмық пен қант бар.
«Елбасының бастамасымен қолға алынып жатқан #BizBirgemiz акциясы аясында біз аз қамтылған отбасыларға қосымша көмек ретінде қаражат бөлдік. Тиісті көмекпен 1700 отбасын қамтуды жоспарлаған едік. Бүгінде Jas Otan жастар қанатының еріктілері белсенділіп танытып, азық-түлік жиынтығын мекенжай бойынша жеткізуге көмектесіп жатыр. Олар қорғаныс костюмы, медициналық маска және қолғаптармен қамтамасыз етілген. Jas Otan жастар қанатының алматылық филиалына алғысымызды білдіреміз», — деді Д. Абдухалил
Өз кезегінде осындай қолдауға ие болған, қамқорлығында ерекше қажеттілікке мұқтаж қызын тәрбиелеп отырған Рабиға Алмағамбетова Елбасымыздың #BizBirgemiz атты игі бастамасына, «Nur Otan» партиясы мен еріктілерге қажет кезінде жасаған көмектері үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, азық-түлік тарату барысында санитарлық талаптардың барлығы сақталған.

Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close