«Nur Otan» Кедергісіз келешек

Кедергісіз келешек бағдарламасы аясында 600 ғимарат қайта жабдықталды

Қаламызда бүгінде қырық мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Солардың қоғаммен етене байланысып, кедергісіз жүріп-тұруы үшін Алматы қаласында қажетті жағдайлар қарасты­рылған. Дейтұрғанмен, мүмкіндігі шектеулі жандардың қала көшелерінде еркін қимылдап, баратын жеріне кедергісіз жетуіне толық жағдай жасалған десек, артықтау болар, дейтұрғанмен жасалып жатқан жақсы қадамдардың барын айту керек.

Нұржамал БАЙСАҚАЛ

Соның бірі – әлеуметтік маңызы бар мекемелер мен қоғамдық, мәдени орындардың мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар мен транспорттық инфрақұры­лым­дарды бейімдеу жұмыстары дер едік. Алдын-ала белгіленген жоспар бойынша қала бойынша 600-ге жуық әлеуметтік нысандар, оның ішінде денсаулық, білім беру мекемелері, Халыққа қызмет көрсету орталықтары қайта құрылымдаудан өтіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік нысандарға қолжетімділігін арттыру жоспарланған болатын.

Қазіргі күні бұл жұмыстар аудандарда белсенді түрде жүзеге асырылуда. Мүмкін­дігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз әрі қолайлы орта қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша Медеу мен Наурызбай аудандарын өзге аудандарға үлгі етуге болады.

Қазақстан Республикасының «Мүм­кіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау» жөніндегі заңына сәйкес, Медеу ауданындағы қайта құрылымданып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріс-тұрысына қарай бейімделуге тиіс 92 нысан­ның бүгінгі күнге дейін 73-сі бейімделсе, ал үш мыңға жуық мүгедек жандар тіркеуде тұратын Наурызбай ауданындағы әлеу­меттік нысандардың 60 пайызы қайта құрылып, «Кедергісіз келешек» бағдарла­масының талаптарына сай бейімделген. Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі аза­маттар үшін кедергісіз орта қалып­тастыру жұмыстары жалғасуда. Жақында ғана болып өткен мүмкіндігі шектеулі әйел­дердің Халықаралық басқосуында Алматы қаласы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдау мен олар үшін қоршаған ортаның қол­жетімділігін арттырып, кедергісіз орта қалыптастыру бойынша үлгілі қалалар қатарында аталды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *