Әншiлер тiлшiлердi сабасына түсiрдi

Ербол ТҰРЫМБЕТ

Алматыдағы «Динамо» стадионында жылдағы дәстүр бойынша журналистер мен шоу-бизнес өкiлдерiнiң арасында футболдан жолдастық кездесу өттi. «Қаламгер» және «Алатау» командалары болып құрылған екi жақ 90 минут бойы шаршы алаңда кәнiгi спортшылардай доп тептi.

«Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы мен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттiк қоры бiрлесе отырып ұйымдастырған бұл шара Конституция күнiне арналған iс-шаралар шеңберiнде өтiп отыр. Бұқаралық спортты дамыту iсiнде әр кез белсендiлiгiмен танылып жүрген «Динамо» стадионының ұжымы бұл жолы да ойынның жоғары деңгейде өтуi үшiн бар жағдайды жасады. Тiптi, алаңдағы тартысты ойын барысын «Қазақстан» ұлттық телеарнасының белгiлi спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен мен «Алматы» телеарнасының тiлшiсi Олжас Оқастың стадион төрiнен жүргiзiп отыруы алаңдағы футболдың маңызын арттыра түстi.

Ойын басталмас бұрын қалалық Жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаев, ел спортының ардагерi – Виктор Демьяненко және бiрiншi қазақ комментаторы – Сұлтанғали Қаратаевтар сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттiлiк тiледi.

Барша жұрт «Жұлдызды кездесу» деп айдар тағып жүрген аталмыш ойында бұқаралық ақпарат саласында спорт тақырыбында қалам тербеп, хабар таратып жүрген Жандос Айтбай, Әзиз Оразбай, Ермек Төренияз сынды журналистермен қатар қазiргi эстрадамыздың әншiлерi – «Ринго» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Ғадiлбек Жанай және басқалар өнер көрсеттi.

Ойын басталысымен басымдықтарын танытқысы келген тiлшiлер ә дегеннен 2 рет әншiлер қақпасына доп енгiздi. Алайда, шамаларының жеткен жерi осы болса керек, бұдан артық гол журналистер тарапынан соғыла қоймады. Қарсыластар – әншiлер болса, өз қақпаларына бағытталған алғашқы екi нәтижелi соққыдан кейiн естерiн жиып, екi мәрте пенальтиден, 1 рет айып соққысынан гол соғып, ойын соңына дейiн тағы бiр допты қақпа торына тоғытып, тiлшiлердi сабасына түсiрдi. Қорытынды есеп – 4:2. Әншiлер кездесудi жеңiспен аяқтады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *