Нострадамустың айтқаны келсін!

Біз көп ізденіп, көп оқитын едік. 1959 жылы Гидромелиорациялық техникумға оқуға түскен соң да, бірге жүрген достарыммен кітапханадан шықпайтынбыз. Онда өзіміздің сабағымызға қатысты әдебиеттерді ғана емес, сонымен бірге түрлі қызықты кітаптарды да іздеп тауып оқитынбыз. Соның көбі әлі күнге дейін есімде.

Әсіресе, тіршіліктің өмір сүру құпиялары мен жолдары, сондай-ақ континенттер өзгерсе де, мәңгілік өзгермейтін ақиқаттар туралы Дюринг пен Нострадамустың айтқандары көңілімде жатталып қалыпты.

Нострадамустан «Келешекте қайсы мемлекет ең дамыған, адамзат өмір сүруге ең қолайлы ел болады?» деп сұрағанда, «Балық формасында шекарасы бар мемлекет» деп жауап беріпті. Ол кезде картадан ондай мемлекетті іздеп таба алған жоқ едік.

Біздің еліміз тәуелсіздік алған соң, мемлекеттік шекарамыз балық формасында болып шықты. «Жақсы сөз – жарым ырыс», Нострадамустың айтқаны келсін дейміз. Еліміздің тұтастығы, халқымыздың бірлігі, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Өзім «Алматы ақшамының» әр нөмірін қалт жібермей, қадағалап оқып жүремін. Жыл сайын газетке жазылып, үйіме алдырып тұрамын. Сүйікті газетімнен биыл да қол үзбек емеспін.

Өзім ғана емес, айналадағы таныстарыма да газет туралы, ондағы жазылып жүрген мәселелер жайында айтып отырамын. Кейінгі жастарды да үзбей ізденіп отыруға шақырамын. Оның жүйелі түрдегі бірден-бір көзі қазір газет деп ойлаймын. Болашақта дамыған елдің мәдениетті халқына айналайық дегім келеді.

 

Марат ҚОБЛАНОВ,

«Шаңырақ-2» ықшамауданындағы

Ардагерлер ұйымының төрағасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *