Өнiм шығару артып келедi

2011 жылғы қаңтар – сәуiрдегi Алматы қаласындағы өнеркәсiп өндiрiсiнiң негiзгi көрсеткiштерi

2011 жылғы қаңтар – сәуiрде Алматы қаласында (үй шаруашы­лықтары секторын қосқанда) қолданыстағы бағаларды алғанда 136,7 млрд. теңге мөлшерiндегi өнеркәсiп өнiмi өндiрiлген, бұл 2010 жылғы қаңтар – сәуiр деңгейiне қарағанда 127,3 пайызды құрады.

Өңдеу өнеркәсiбiнде 102,0 млрд. теңге мөлшерiндегi өнiм өндiрiлiп, 2010 жылғы қаңтар – сәуiрмен салыстырғанда нақты көлемнiң индексi 129,8 пайызды құрады. Қаладағы өнеркәсiп өндiрiсiнiң деңгейi мен көлемiн өңдеу өнеркәсiбiнiң дамуы белгiлейдi, оның үлесiнде – өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемiнiң 74,6 пайызы. Өңдеу өнеркәсiбiндегi қызмет түрлерiнiң көпшiлiгiнде өнiм шығару көлемiнiң өскенi байқалады, көлемнiң аса артқаны киiм шығару (2,8 есе), жазылған материалдарды басып шығару және қайта жаңғырту (2,4 есе), химия өнеркәсiбi өнiмдерiн (71,3 пайызға) шығару салаларында тiркелген. Керiсiнше, сусындарды (30,7 пайызға), былғары және осыған жататын өнiмдi (27,5 пайызға) шығару салаларында көлемнiң аса кемiгенi байқалады.

Электр энергиясымен жабдықтау, газ бен бу жiберу және ауа баптау саласында өндiрiлген өнiм мен өнеркәсiптiк сипаттағы көрсетiлген қызметтердiң көлемi 29346 млн. теңге немесе қала бойынша өндiрiс көлемiнiң 21,5 пайызын құрады. 2010 жылғы қаңтар – сәуiрмен салыстырғанда нақты көлем индексi 138,8 пайызды құрады. Есептi айда қала қажеттiлiктерi үшiн 255,8 млн. кВт. сағат электр энергиясы өндiрiлген, бұл 2010 жылғы қаңтар-сәуiр деңгейiне қарағанда 98,5 пайызды құрады. 3318,6 мың Гкал жылу энергиясы (114,0 пайыз) жiберiлiп, 82,4 млн. текше метр (117,3 пайыз) табиғи су өндiрiлiп, таратылды.

Алматы қаласының Статистика департаментi.

13 дүңгiршек жойылды

Өткен аптада 13–20-мамыр аралығында Алма­ты қаласы әкiмдiгi, Сани­тарлық-эпидемио­логия­лық қызмет пен Iшкi iстер басқармасының аудандық бөлiмi бiрлесiп қалада  рейдтiк  шараларды жүзе­ге асырды. Рейд нәтижесi бойынша,  19 дүңгiршек анықталып, оның 13-i  жойылды.

Бүгiнде шаһарда 52 ұсақ сауда жүйесi жұмыс iстеп жатыр: Алатау ауданында – 14, Алмалы ауданында – 5, Әуезов ауданында – 10, Бостандық ауданында – 10, Жетiсу ауданында – 4, Медеу ауданында – 7 және Түрксiб ауданында – 2.

Әкiмшiлiк ықпал ету шаралары қабылданды – 5 айыппұл салынды, 4 дүңгiршектiң жұмысын тоқтату туралы материалдар ауданаралық экономикалық сотқа жiберiлдi (Жетiсу ауданы – 4 айыппұл, сотқа – 4, Медеу ауданы – 1 айыппұл).

Өткен аптада жемiс-жидек, азық-түлiк өнiмдерiмен саудалаған 35 заңсыз сауда орындары анықталып, жойылды. Оның iшiнде  Алатау ауданы бойынша –  3,  Алмалы ауданында –  6, Әуезов ауданында – 8, Бостандық ауданында   – 10, Жетiсу ауданында – 3, Медеу ауданында – 4 заңсыз сауда нүктесi жойылды.

Сондай-ақ, өткен аптада қаланың 10 базарына iргелес жатқан алаңдарда заңсыз сауда нүктелерiн жою мақсатында рейдтер жүзеге асырылған болатын.  Рейд нәтижесi бойынша 64 заңсыз сауда нүктелерi жойылды.  Мұнда саудагерлер негiзiнен жылжымалы арбалармен жүрiп,  жемiс-жидек, нан-тоқаш өнiмдерiн, сүт тауарлары мен кондитер бұйымдарын саудалаған.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *