Нигерияда Эбола індеті туралы хабарламалар Твиттер арқылы тараған

2093Нигерияда Эбола вирусының таралуы туралы ақпараттың басым бөлігі әлеуметтік желілерден келіп түскен. Бұл туралыBNews.kz тілшісіне берген сұхбатында AidCom компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Хильде Гудванген айтты.

«Нигерияда Эбола індетінің таралуы туралы ақпараттың дені әлеуметтік желілерден түскен. Бұл тұрғыда твиттер де ақпарат алу құралдарының бірі. Біздің компанияның қолындағы ресми мәлімет те осы әлеуметтік желіден алынады»,- дейді компанияның саяхат кезінде қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын және табиғи апаттар мен саяси толқулар секілді қатерлер туралы ерте хабарлау жүйесіне маманданып жүрген өкілі Хильде Гудванген.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлардан кейін көптеген дамыған елдер өз халқына қатерлі індет жайлаған Либерия, Сьерра-Леон және олармен шектес тағы басқа елдерге сапар шекпеуге кеңес берді.

«Нигерия, Шығыс және Оңтүстік Африканы қоса алғанда Эбола безгегі белең алған өңірлерде үкіметтер жұқпалы аурудың таралуын тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр. Қауіпті вирус деген бүгінде жаңалық емес, кезінде доңыз тұмауы, құс тұмауы дегендер жайында әлемде біраз айтылып, кейіннен бәрі тынышталды. Ең алдымен, ауру дендеген елдерде іссапармен жүрген компаниялардың қызметкерлері үшін қауіп-қатердің алдын алу керек», — деп атап өтті сарапшы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *