Несиені әскерден келген соң қайтаруға рұқсат беріле ме?

Сауал — сізден, жауап — бізден

– Мен 24 жастамын. Екі ай бұрын өз атыма 25 жылға ипотекалық несие алдым. Менің білгім келгені, банк алдында осынша­лықты қарызым бола тұра, оны төлеуге міндеттеме алғаным үшін қорғаныс саласы мені әскерге жіберуі мүмкін бе? Бұл жағ­дайда банктің төлемін кейінге қалдыруым керек пе, әлде әскерден қаламын ба?

 Дидар, Бостандық ауданы.

Заңгерлердің айтуынша, сіздің несие бойынша міндеттемелеріңіз әскерге шақырылуға не оны кейінге қалдыруға негіз болмайды. Әскерге шақырылу автомат­ты түрде банктің төлемдері бойынша төлем­дерді кейінге қалдыруды белгілемейді. Міндеттемені кейінге қалдыру тек банкпен келісіп қана жасалуы мүмкін. Ең алды­мен, банк пен сіздің араларыңызда жасалған несие келі­сім-шартын мұқият қарап, талдаңыз. Банк пен несие алушы арасында жасалған келісім-шартта форс-мажор жағ­дайлары көрсетілуі мүмкін. Алайда, форс-мажор – тараптардың еркі мен санасына тәуелсіз пайда болатын жағдайлар. Оған, мысал үшін, табиғаттың дүлей күштері (жер сілкінісі, т.б.) немесе соғыс жағдай­лары, террористік қауіп жатуы мүмкін. Бір қарағанда, әскерге шақырылу да мұндай жағдайларға жататындай көрінуі ықтимал. Алайда, әскерге шақырылу негіздері, әскерге шақырылу жасы және ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңында көрсетілген өзге де жағдайлар нақты әрі толық баяндалған. Әскерге шақырылу мүмкіндігін несие алушы алдын-ала көздеуі мүмкін. Сондық­тан да олар міндет­темелерді кейінге қал­дыруға негіз болмайды. Сіздің жағдайы­ңызда, біріншіден, банкке жазбаша түрде несие келісім-шартында көрсетілген тәр­тіпте төлемдерді уақытында төлемеу қаупі пайда болғанын жедел түрде хабарлауға тиіссіз. Екіншіден, банктен өз міндет­те­мелеріңізді кейінге қалдыруды сұрауыңыз керек.

Балкондағы жарнаманы қалай алуыма болады?

– Менің балконымдағы жарнаманы қалай алуға болады, оны өз бетіммен алуыма құқығым бар ма?

 Ерлан, Алматы қаласы.

Сәулет-құрылыс саласы мамандарының айтуынша, сіз жарнаманы  қолыңызда үйіңіздің барлық тұрғыны жиналысының шешімі немесе заңды күшіне енген сот шешімі болғанда ғана ала аласыз. ҚР 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 2-бабының 47-тармағына сәйкес, үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабыр­ғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер ҚР заңнамала­рында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып сана­лады. Балконның немесе лоджияның,  сондай-ақ бөлменің шекарасы да үй-жайдың ішкі әрленбеген қабырғасымен, еденімен және төбесімен өлшенеді. Соған байланысты балконның (лоджияның) сыртқы жағы пәтер иесінің иелігінде болмайды. Ол кондо­миниумның құрамына кіреді, яғни  үйдің  барлық иеле­нушісінің ортақ меншігі болып табылады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 34-бабының 1-тармағына сәйкес, үй-жайлардың (пәтерлердің) барлық меншік иелері – кондоминиумға қатысушылар ортақ мүлікті басқаруда тең құқыққа ие болады. Азаматтық кодекс­тің 213-бабының 1-тармағына сәйкес, үлесті меншік­тегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық қаты­сушысының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдай­да сот белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады. Мәсе­лен, жарнама иесінің балконның сыртына не оның қайта құрылуына тек сол балкон иесінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл үй пәтерлері иеленушілерінің, яғни кондоминиумның келісімімен ғана қандай да бір өзгерістер енгізуіне болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *