Несібем қайтсе көбейеді?

Бірде Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) бір араб кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», – дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «сұрақтарыңды қой, жауап берейін», – дейді.

Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.а.с.) төмендегі жауапты береді:

– Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді?

– Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.

– Адамдардың ең байы болғым келеді?

– Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың.

– Ең әділетті кісі болғым келеді?

– Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.

– Адамдардың ең жомарты болғым келеді?

– Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.

– Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді?

– Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.

– Иманымның қуатты болғанын қалаймын?

– Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады.

– Алладан шын қорқатын адам болғым келеді?

– Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.

– Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді?

– Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тыйыл, бойсұнушылардын боласың.

– Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын?

– Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.

– Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын?

– Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.

– Күнәларымның азайғанын қалаймын?

– Көп тәубе ет, күнәларың азаяды.

– Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?

– Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.

– Барлығынан күшті-қуатты болғым келеді?

– Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың.

– Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?

– Үнемі дәретпен жүр.

– Қиямет күні Алла Тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді?

– Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.

– Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын?

– Тыйылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.

– Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын?

– Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.

– Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі?

– Көз жасы, итағат ету және ауру.

– Алла қай амалды жақсы көреді?

– Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.

– Алла қай амалды өте жек көреді?

– Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді.

– Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?

– Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.

– Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?

– Қайғы-мұңда сабыр ету.

– Алла мен Оның елшісінің (с.а.с.) сүйіктісі болғым келеді?

– Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр!

Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етілген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *